«Тúrkistan» газетінің тілшісі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында топ жарды

«Тúrkistan» газетінің тілшісі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында топ жарды

«Тúrkistan» газетінің тілшісі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында топ жарды
ашық дереккөзі
663

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында «Тәуелсіз елдің тілі» тақырыбында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсының жүлдегерлері анықталды. Биыл он алтыншы рет ұйымдастырылып отырған байқауға төрт номинация бойынша 131 журналистен 300-ге жуық материал түскен.

Конкурсқа ұсынылған материалдарды елімізге белгілі журналистерден  құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, әділ бағасын берді. Бас жүлдені «Тúrkistan» халықаралық газетінің тілшісі Әлия Тілеужанқызы иленді.  Бас жүлде иегеріне 1 000 000 теңгенің сертификаты  табысталды. Әлия Тілеужанқызы - "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританияда оқып келген талантты журналист, бір жылдан астам уақыт бойы шетелдегі ең озық, әйгілі компанияларда әр салада қызмет етіп жүрген таңдаулы, білімді де білікті қандастардан, одан бөлек қазақ халқының мәдениетіне, тіліне қызығатын шетелдік ғалымдардан үздіксіз сұхбат алып келеді. Газетіміздің 2021 жыл­ғы 18 ақпандағы санында (№07) «Қа­зақ-кәріс сөздігін құрастыруға кө­мектесетін маман іздеймін» деген та­қырыппен Хангук шет тілдер уни­вер­ситетінің түлегі әрі қазіргі қызметкері Цой Ён Сонның (қазақша есімі – Нұ­рай) сұхбаты жарияланған болатын. Онда Оңтүстік Кореяда жүрегін емдет­кен қазақ баласының орыстілді аудар­ма­шыны түсінбей, қиналғанын естіген Ён Сон қазақ тілін жетік меңгеріп, ау­­­дармашы болуға бел буғанын, со­ны­мен қатар, қазақ-кәріс сөздігін құрас­ты­руға көмектесетін маман іздеп жүр­генін айтқан еді. Міне, Әлияның осы сұхбатын оқыған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрайға арнайы хат жолдаған еді.  width= Ал «Үздік мақала» номинациясы бойынша 3-орынды «Айқын» газетінің тілшісі Абылайхан Жұмаш, 2-орынды «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Думан Анаш, ал 1-орынды «Солтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ақмарал Есдәулетова иеленді. «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша 3-орын журналист Ерғали Серікке, 2-орын «Nege» сайтының журналисі Динара Мыңжасарқызына, 1-орын «Qazaq» газеті сайтының журналисі Ермек Жұмахметұлына бұйырды. «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша 3-орынды «Жамбыл» радиосының редактор-жүргізушісі Жұлдыз Бейсек, 2-орынды «Халық» радиосының редакторы Раушан Сыбанжанова, 1-орынды «Шалқар» радиосының жетекші редакторы Оңғар Құрал қанжығасына байлады. «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша 3-орын иегері «Алматы» телеарнасының тілшісі – Мадина Оқас, 2-орын иегері «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі – Қозы Көрпеш Жасаралұлы, 1-орын иегері «ҚазАқпарат» агенттігінің редакторы –  Азамат Нұғыманов. Конкурсты ұйымдастырған Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін Конкурсқа қатысқан барлық журналистерге алғысхат жолдады.

Серіктес жаңалықтары