Цой Ён Сон: Қазақ-кәріс сөздігін құрастыруға көмектесетін маман іздеймін

 Оңтүстік Корея астанасы Сеулде орналасқан Хангук шет тілдер университетінде қазақ тілі сабағы оқы­ты­­лады. Цой Ён Сон – аталған университеттің Орта Азия факультетінде білім алып, төрт жыл бойы қазақ тілін үйре­н­ген тіл маманы. Нұрай деген екінші қазақ есімі бар Ён Сон ал­дағы уақытта кәріс-қазақ сөздігін құрастыруға кө­мек­тесетін ма­мандарды іздейді. Қазір өзі оқыған универ­ситетте ғылыми қыз­меткер болып жұмыс істейтін Ён Сонға хабарла­сып, әң­гімелескен едік.

turkystan.kz 5

–Оңтүстік Кореядағы же­тек­ші университеттердің бірінде қа­зақ тілі оқытылатынын естіп біл­дік. Аталған университеттің оқу жүйесіне қазақ тілі пәнін оқы­ту бағдарламасының қалай ен­гізілгенін сұрамас бұрын, Сеул­де тұратын сенің қазақ ті­лін үйренуге деген қызығуш­ы­лы­ғың неден басталғанын біл­гім келіп отыр?

– Қазақстандықтардың Оң­түс­тік Кореяға ем алу үшін жиі бара­ты­нын білетін боларсыз. Бір басы­лым­нан Сеулге келіп, ем алып жүрген, жүре­гі ауыратын қазақ баласының сұх­батын оқыдым. Емхана әкім­ші­лігі балаға дәрігерлермен сөйлесуге оңай болу үшін орысша сөйлейтін ау­дар­машының қызметін ұсынған. Он­дағылар қазақтардың барлығы орыс тілін жақсы біледі деп ойласа ке­рек. Алайда, әлгі бала Оңтүстік Қа­зақстан облысының тумасы бол­ған­дықтан, орысша жетік білмейді екен. Дәрігерлерге алғысын жет­кіз­ген ол тек тіл жағынан қи­налғанын, орыс­ша дұрыс түсінбегендіктен ай­на­ласымен емін-еркін сөйлесе ал­мағанын жеткізген. Сол сұхбатты оқы­ған соң, қазақ тілін меңгеріп, біз­ге ем-дом алуға келетін балаларға кө­мектесетін маман боламын деп шеш­тім. Оның үстіне, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ын­­­тымақтастықты нығайтуға үлес қос­қым келді. Кореяда қазақ тілін бі­летін бір маман керек қой деп ой­ладым. Мұнымен қоса, мектепте оқып жүргенде Кеңес Одағы тұ­сын­да кәрістердің Орта Азияға, соның ішінде Қазақстанға жер ауда­рыл­ғаны туралы көп оқығанмын, сөй­тіп, сол кезден бастап Қазақстан де­ген мемлекетті танып-білгім кел­ді. Сол себепті біздің универ­си­теттің оқытушылары үйрететін көп тілдің ішінен қазақ тілін таңдадым.

turkystan.kz 1

– Ал сен оқыған универ­си­тет­те қазақ тілін оқытатын ба­ғ­дар­ламаны енгізуге кім түрткі бол­ған?

– Хангук шет тілдер универ­си­теті – Оңтүстік Кореяда тіл маман­да­рын даярлайтын жетекші универ­си­теттердің бірі. Мұнда Орта Азия фа­культетінде шетел студенттерін қа­зақ және өзбек тілін үйрететін са­бақтар өткізіледі. Факультетті Қа­зақстанда оқыған, қазақ ті­лін жақсы меңгерген кәріс ғалым бас­қарады. Ол кісі өзінің ұстазы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­верситетінде профессор қыз­ме­тін атқарған Әлия Құрышжанды Сеулге келіп, біздің университетте са­бақ беруге шақырған. Сөйтіп, Әлия апай қазір Сеулде қазақ тілін үй­ренемін деушілерге сабақ беріп жүр. Жалпы, қазақ тілі Оңтүстік Ко­рея бойынша тек біздің уни­вер­ситет пен Бусандағы универ­си­тет­тердің бірінде ғана оқытылады. Біздің университетте қазақ тілін мық­ты оқытады деп нық сеніммен айта аламын, себебі біздің оқытушы Әлия Құрышжан – нағыз ұстаз, білікті, қазақ тілін оқытуда өзіндік әдіс­темесі бар танымал маман. Ол кі­сі бізді Америкада арнайы әзір­лен­ген оқулықтармен оқытты. Әлия апай материалдардың басым көп­ші­лігін өзі әзірледі. Бұдан бөлек, Қа­зақстанның Оңтүстік Кореядағы ел­шілігінен де материалдар алдырт­ты. Қазақстанда әзірленген оқу­лық­тар болды, алайда орыс тілінде жа­зылған, ал бізге орыс тілінде са­бақ оқу қиын. Десек те, Әлия апай­дың көмегімен 4 жылдың ішінде қ­азақ тілін жақсы меңгеріп шық­тық. Айта кетерлік жайт, Орта Азия факультетінде оқыған соң, аталған аймақта орналасқан елдер тобы­ның тілдерін ғана емес, сонымен қа­тар, олардың Оңтүстік Кореямен сая­си және әлеуметтік байланысы бойын­ша білім алдық.

turkystan.kz 6

–Қазақ тілін үйренуде қан­дай қиындықтарға кезіктің?

– Негізі, кәріс тілі мен қазақ ті­лінің грамматикасы ұқсайды. Кәріс тілі мен түркі тілі дүниежүзіндегі тіл­дер шоғырының ең үлкені – ал­тай тілдер тобына кіретінін білесіз. Сон­дықтан қазақ және кәріс тіл­дері­нің туыстық белгілері бар. Сол се­бептен де Кореяда тұратын қа­зақ­тар кәріс тілін тез меңгереді. Мен де қа­зақ тілін оңай меңгердім. Біз, кә­ріс­тер, ең алдымен қазақша әріптер мен сөздерді жатқа білсек болғаны, ал сөйлемді өзіміздің тілдік құры­лым­ға салып, құрастырамыз. Деген­мен, Оңтүстік Кореяда қазақ тілін­де­гі материалдар саны өте аз. Мұ­ны­мен қоса, біздің елде тұратын, қа­зақ тілді орта қалыптастыруға сеп­тігін тигізетін қазақтар аз. Жал­пы айтқанда, қазақ тілін үйренемін деп құлшынып тұрған адамға кө­мек­тесетін құралдар аз. Сол себепті мен секілді қазақ тілін меңгергісі ке­летін отандастарыма көмекші құ­рал ретінде кәріс-қазақ сөздігін құ­растырып шығарғым келеді. Қа­зір қазақ тілін оқып жатқан кә­ріс­тер жетерлік. Алайда, олардың тілді үй­рену барысында мен тап болған мә­селелерге кезігетінін біліп, сөздік құрастыру идеясын ортаға салдым. Сол сөздікті әзірлеп, қолданысқа бер­ген соң, тілді үйрену әлдеқайда оңай болады деп сенемін.

– Қазір өзің оқыған уни­вер­ситетте жұмыс істейді екенсің. Ондағы жұмысың да Орта Азия елдерімен байланысты ма?

– Иә. Өткен жылы әлеуметтік жағ­дайы төмен студенттерге грант тағайындауға жауапты бөлімде жұ­мыс істедім. Ал биыл өзге елдердің мәдениетіне бай­ла­нысты пайдалы ақпарат ұсынатын жобаларға жауаптымын. Сонымен қатар, Еуразия болашақ көшбас­шы­ларының ассоциациясында қосым­ша жұмыс істеймін. Кореяда тұра­тын Орта Азия елдерінің азамт­та­ры­на оқу грантын иелену, жұмыс табу мәселелері бойынша көмек­тесе­міз. Сонымен қатар, кәрістерге Ор­та Азия елдері туралы ақпарат та­­ратамыз.

turkystan.kz 9

– Пандемия кезінде Абылай хан атындағы Қазақ халықара­лық қатынастар және әлем тіл­дері университеті студент­те­рі­мен онлайн кездесу өткізіпсің. Аталған университет өкілдері­мен қалай байланыс орнаттың?

– 2013 жылы Абылай хан атын­дағы Қазақ халықаралық қаты­нас­тар және әлем тілдері универ­ситетінде бір айлық тәжірибеден өттім. Сосын алмасу бағдарламасы бойын­ша 2015-2016 оқу жылын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­верситетінде оқыдым. Кейін 2017 жылы Нұр-Сұлтанда өткен ЕХРО көрмесінде Оңтүстік Корея па­вильонында жұмыс істедім. Ол па­вильонда қазақ тілін білетін жал­ғыз кәріс болдым. Сол себепті сіз­дердің Тұңғыш Президенттеріңіз Нұр­сұлтан Назарбаев біздің пави­льон­ға кірген кезде Оңтүстік Ко­рея­ға қатысты барлық мәліметті қа­зақ тілінде мүдірмей айтып шық­тым. Тағы бір айта кетерлігі, Сеул­ден арнайы келгенімді естіп-білген көп­шілік қазақ тілінде қалай сөй­лейтінімді есту үшін арнайы біздің павильонға келетін. Таныстырылым аяқталғанша, маған тамсанып қа­рап тұратындары әлі көз алдымда.

– Қазақ тілін білетін болған­дық­тан, Алматыда бір жыл бойы оқу, Нұр-Сұлтанда жарты жыл тұру оңай болмаған шы­ғар?

– Қазақстан – мен үшін шет мем­ле­кет. Оның үстіне, Оңтүстік Ко­рея­да Қазақстанмен байланысты ақ­­парат аз. Сол себепті жөнді мә­лі­м­ет білмейтін бөгде елде оқу, тұ­рып-жүру оңай емес екені белгілі. Бі­рін­шіден, тіл жағынан қиын­дық­тар туындады. Әсіресе, құжаттарды рет­теу барысында осы мәселеге тап бол­дым. Нотариуспен сөйлесу үшін орыс тілін білуің керек. Ал мен орыс­ша түсінемін, бірақ сөйлей ал­май­мын. Нотариусқа қазақша сөй­лесем, маған орыс тілінде жауап қай­тарады. Қазір такси шақыру қыз­меті түзелген болар, бірақ мен оқы­ғанда таксиге міну үшін жол­дың шетіне барып тұратынбыз. Со­сын әдепкіде тамақтану жағынан сәл қиналдым. Қазақтар етті көп жесе, ал бізде тамаққа көкөністерді көп қосады. Әлбетте мен татқан та­­­ғамдардың дәмі тіл үйіреді, әсіре­се бауырсақтың ерекше дәмі бар. Бірақ күн сайын осындай майлы та­мақ жей берген соң, бір күні ас­қа­заным ауырып, дәрігерге қарал­ғаным бар, бірақ кейіннен үйреніп кет­тім. Дегенмен, Алматымен са­лыс­тырғанда, Нұр-Сұлтанда тұру қиын­ға түсті. Астанада үнемі жел со­ғатындықтан, ғимараттың есігін аша алмай, қиналатын едім (күліп). Негізі, Қазақстанға жыл сайын баратынмын. 2019 жылы ата-анам­мен бірге Қазақстанға саяхаттадық. Отба­сында жалғыз баламын. Ата-анаммен бірге Сеул маңында ор­на­ласқан Пундан қаласында тұрамын. Әкем 25 жыл бойы Hyundai ком­паниясында зерттеуші болып жұ­мыс істеп келеді. Ал анам үй шаруа­шы­лығымен айналысады. Сол се­беп­ті біраз тынықсын, көңілі сер­гісін деп Қазақстанға апарып қайт­қан­мын. Тағы бір айтайын дегенім, кә­ріс пен қазаққа ортақ ұқсастық­тар­ды байқадым. Біз де сіздер се­кілді жасы үлкен адамдарға ерекше құр­мет көрсетеміз. Ас ішетін кезде үстел басына үлкендер келмейінше, біз де тамақ ішпей күтіп отырамыз. Сіздер төр деп атайтын қастерлі орын бізде де бар. Біз де үлкендердің сөзін бөлмейміз, жолын кеспейміз. Біз де жер үстелге тамақтанамыз. Сіз­дер­де киіз үй болса, бізде де киіз үйге ұқсас ұлттық нақышта безен­дірілген үйлер бар. Сосын сіздерде тұрмысқа шыққан қыздың жүгін сандыққа салып апарады ғой, бізде де дәл солай. Бізде де сіздердегідей күйеу жігіттің туыстары қыздың ту­ған-туыстарымен алдын ала кез­десіп, ақылдасады. Жалпы, екі елдің арасында ұқсастық өте көп екенін байқап, таңғалдым.

turkystan.kz 4

– Алматыда оқуда жүргенде Ал­матыдағы ең ірі мәдени ор­та­лықтардың бірі – Кәріс мәдени ор­талығының жұмысымен та­нысып қайтқан боларсың?

– Әлбетте, ол орталыққа бар­дым. Олар кәріс тілін білмей­тін­дік­тен, қасыма орыс тілін білетін до­сым­ды ертіп алдым. Кездесу бары­сын­да оларға кәріс тілін үйрену қиын­ға соғатынын түсіндім. Деген­мен, тілін ұмытса да, мәдениетімізді сақтап, салт-дәстүріміз мен әдет-ғұ­рыптарымызды жаңғыртып жүрген олар­ға риза болдым. Ең маңыздысы сол деп ойлаймын. Менің ұл­тым кәріс, бірақ тұратын жерім Қа­зақстан болса, өзге ұлттар біліп жүр­сін деп мен де мәдениетімізді жүр­ген жерімде таныстырып жүре­тін едім.

turkystan.kz 8

– Екінші есімің Нұрай екен. Бұл есімді өзің таңдадың ба?

– Иә, өзім таңдадым. Курстың ба­сында Әлия апай сабаққа қазақ­ша есімдер жа­зылған қағаздар алып келіп: «Мен қазір есімдерді оқып шы­ға­мын, қайсысы құлақтарыңыз­ға жағады, соны таңдап алыңдар» деді. Сол кезде «Нұрай» сөзін  ұна­тып, сол есімді таңдадым. Менің шын есі­­­мімді көпшілігі біледі, бірақ қа­­зақ тілін үйренгісі келетін шетел аза­­матының қазақша есімі болған дұ­­рыс деп ойлаймын. Қазір мені көп­­шілігі Нұрай деп атайды. Сеул­дегі Қазақстан елшілігінде жұмыс іс­­тейтіндер «Біздің Нұрайымыз» деп ай­тады. Бастапқыда елшілік өкіл­дері­мен Нұрай деген есіммен та­ны­сып, бірден қазақ тілінде сөй­лес­кен­діктен, олар мені кәріс емес, қа­­зақ деп ойлапты. Кейіннен мені та­нитындар Сеулде қазақша оқыған кәріс қызы екенімді айтқанда олар таң­ғалғандарын айтады.

–Қазақ-кәріс сөздігін әзір­леп шығаруға көмектесетін ма­ман­дар іздеп жүргеніңді жария­ла­ған соң, қол ұшын созуға ниет білдіргендердің қарасы көп екенін байқадық. Сөздік құ­растыруға көмектесетін ма­ман таба алдың ба?

– Жоқ, әлі таба алмай жүрмін. Ме­нің идеямды естіп, көмектесуге ниет танытқан адамдар көп. Өзіңіз бай­қағандай, әлеуметтік желідегі па­рақшама да күн сайын бірнеше адам көмектескісі келетінін айтып, пі­кір жазып кетеді. Дегенмен, қол ұшын созғысы келетіндердің басым көп­шілігі – жастар. Жазысқанда, сөй­лескенде олардың қазақ тілінде дұ­рыс сөйлемейтінін аңғардым. Ара­сында слэнг сөздер қосады, қа­зір сәнге айналған сөздерді көп қол­данады екен. Бірақ маған қазақ ті­лін ғылыми түрде үйрету бойын­ша тәжірибесі бар профессорлар мен тіл мамандары қажет. Ондай мықты мамандардың әлеуметтік желіні жиі қолданбайтыны белгілі, көп қолданса да маған бірінші бо­лып жазбайтыны түсінікті. Деген­мен, шетел азаматына қазақ тілін оңай түсіндіретін, сөздікті бір оқы­ған­нан-ақ, қазақша сөздерді бірден «сіңі­ріп» алатындай етіп құрасты­рып беретін маманды әлі іздестіріп ж­а­тыр­мын. Егер сіздердің басылым­дарыңыз арқылы маған көмектесе алатын адам табылып қалса, қуанар едім.

turkystan.kz 7

– Әлеуметтік желідегі парақ­шаң­нан Қазақстан және Оңтүс­тік Корея арасындағы ынты­мақ­тастықты нығайтуға бағыт­тал­ған жаңалықтармен жиі бө­лісетініңді байқадым. Бола­шақ­та екі елдің арасын жалғап, бел­гілі бір қызметке орна­ласу­ды көздеп жүрген боларсың?

– Әрине, ондай жоспар бар. Сол үшін де қазақ тілін ұмытпауым ке­рек. Қазақстанға жыл сайын баруым­­ның себебі де сол – қазақ тілін ұмытып қалмау. Вакцина сал­дырған соң, осы жазда барып қай­та­мын деп жоспарлап отырмын. Ма­­териалдың аздығына, қазақ тілді ортаның жоқтығына қарамастан үйренген тілді ұмытып қалмау үшін қазақ тіліндегі түрлі бағдарла­ма­лар­ды қараймын, газеттердің он­лайн нұсқасын оқимын. Қазақша әндер тыңдаймын. Осында тұратын қа­зақтармен сөйлесемін. Демалыс сайын Әлия апаймен кездесемін.  Та­ғы бір айта кетерлігі, менің негізгі жұ­мысымнан бөлек, қосымша жұ­мысым тағы бар. Мен Оңтүстік Ко­реяның сотында қазақ тіліндегі ау­дармашы болып жұмыс істеймін. Кореяның аумағында жүріп, сот­талған Қазақстан азаматы сот про­цесі кезінде қазақ тілін таңдай ала­ды, сол кезде Корея соты қазақ ті­­лін білетін мамандардың қыз­ме­тіне жүгінеді. Сол себепті мен айып­талу­шыға барлығын түсін­ді­ріп, кө­мектесіп отырамын. Жалпы, іс-қа­ғаздар стиліндегі кәріс тілін қа­зақ­шаға аудару оңай емес, бірақ мен ең маңызды мәліметтерді ауда­рып, түсіндіруге тырысамын.

 

Әңгімелескен

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...
16165622 401

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп...
article 45367

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик...
sam 2712 1

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді...

Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқан 798 адамның жағдайы ауыр

9 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 878 адам коронавирус инфекциясынан (41 408 КВИ+ және 470 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 844 пациент стационарда, 27 034...

Белгілі кәсіпкердің «Өте маңызды» кітабы оқырманға жол тартты

Нұр-Сұлтан қаласында белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» атты кітабының таныстырылымы өтті. «Кітап авторы – кәсібін шағын ломбардтан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде филиалдарын...

Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтады. «Құрметті қазақстандықтар! Жыл сайын 9 мамыр күні біз әкелеріміз бен аталарымыздың адамзат тарихындағы ең сұрапыл...

Бұл мейрам – сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы – Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Қымбатты отандастар! Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам –...

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентімен өзара ынтымақтастықты тереңдету мәселесін талқылады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы elbasy.kz  сайты хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Ұлы Отан...

Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар

Ғұлама Мужаһит:  «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің ажалы жететінін, кімге...

«Қасақана улауы мүмкін». Алматыда құстардың жаппай қырылуы тұрғындардың зәресін ұшырды

Алматы тұрғындарын көшеде шашылып жатқан құстардың өлексесі шошытты. Көгершіндердің жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз.  Арықтар да құстардың өлексесіне толып қалған. Тіпті балалар ойын алаңында...

Қызылорда облысында 5-сынып оқушысы каналға батып кетті

Қызылорда облысы Сырдария ауданында бесінші сынып оқушысы каналға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Сырдария ауданы Амангелді ауылында болды. «5-сыныпта оқитын ер бала Жетікөл каналына...

Перуде бір айда коронавирустан он мыңға жуық адам қайтыс болды

Перуде сәуір коронавирустан ең көп адам қайтыс болған қасіретті айға айналды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл елде өткен айда 9 жарым мың тұрғын ажал...

Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 8.53-те тіркелді, эпицентр екі елдің шекарасында орналасқан Қазақстандық сейсмологтар Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан шығысқа қарай 320 шақырымда жер сілкінісі болғанын...

«Жағдайы ауыр». Қызылордада 1 жасар сәби кәріз суы құйылатын шұңқырға құлап кетті

Қызылорда облысы Шиелі ауданында жеке тұрғын үйдегі кәріз суы құйылатын шұңқырға бір жастағы сәби түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы тұрғын...

«Қадір түні – тағдыр түні». Бас мүфти қазақстандықтарға Қадір түніне байланысты үндеу жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫНЫҢ қазақстандық барша мұсылман қауымға арнаған үндеуі мүфтият сайтында жарияланды. Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!...

«Алыптармен айқас». Головкин өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ

IBF бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, КО) WBA суперчемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) желтоқсандағы бірлескен жекпе-жектен бас тартпайды. Бірақ алдымен...

Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыздың өлімі туралы марқұмның әпкесі айтып берді

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның Грузияда қайтыс болғаны жайлы мәлімет қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұмның әпкесі болған оқиғаның күдікті тұстары туралы айтып берді. Экспресс К басылымына берген сұхбатында...

«Қайда құлайтыны белгісіз». Жерге 22 тонналық зымыран жақындап келеді

Бақылаудан шығып кеткен Қытайлық Long March 5B ауыр зымыран тасығышы алдағы демалыс күндері (8-9 мамыр) атмосфераға өтіп, жерге құлауы мүмкін, - деп хабарлайды Liter.kz...

Алексей Цой 15 миллион теңге сыйақыға қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой депутат Азат Перуашевқа жауап қайтарды, - деп хабарлайды Stan.kz. Министрлік "Айтылған фактінің Денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ" деп мәлімдеді. "Бонустық...

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге дайындық жүріп жатыр

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге белсенді дайындық жүріп жатыр. Мамандар мен ғалымдар балықтардың азық базасына қаншалықты шығын келгенін білу үшін су қоймасының түбіне мониторинг жасалуда,...

Қазақстан Қырғыз Республикасына көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Ішімдіктен бас тартқан ауылда бір жарым жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында бір жарым жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдың тыныс-тіршілігі және учаскелік инспектордың жұмысы туралы ІІМ-нің ресми сайтында баяндалады,...

Барлық ер адам әскери борышын өтеуге міндетті ме? – Жастардың пікірі

«Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің 2020 жылғы қорытындысына сәйкес,  сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі (59,6%) әскери қызметке оң көзқарасын білдірген. 34,4% респондент бейтарап көзқараста екенін...

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда орталықтары жаңа режимде жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды zakon.kz. Жаңа жұмыс кестесі бойынша сауда орталықтары жұмыс...

Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат па? – ҚМДБ мәлімдемесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды turkystan.kz. Мәлімдемеде эпидахуалды одан сайын күрделендірмеу үшін Қадір түнінде мешітте орындалатын діни...

Генералдар қатары 19-ға көбейді

Ақордада жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салтанатты түрде ордендер мен медальдар тапсыру рәсімі өтті, -...

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

Атырау облысында "Теңізшевройл" мердігерлік ұйымының "ҚазҚұрылысСервис" жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz Ақжайыққа сілтеме жасай отырып. "Қазқұрылыссервис" компаниясының басшылығы мәселені...

Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен Отан қорғаушыларды марапаттады

Отан қорғаушылар күніне орай Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 өкілі мемлекеттік наградаға ие болды. Ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерге Қорғаныс министрлігінде де құрмет көрсетілді....

Түркіменстан ардагерлері Жеңіс күні президенттен алатын сыйлыққа өздері ақша төлейді

Түркіменстанда Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлері өздеріне берілетін сыйлыққа ақша өткізуге міндеттелді, оларды 9 мамыр күні елдің президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстайды. Бұл туралы...

Қазақстан Үндістанға көмек жібереді

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды akorda.kz. Мемлекет басшысына санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Еліміздің 2 ірі әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі

Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіретін болады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. Қаулыға сәйкес, «Ashyq» қосымшасы...

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің вакцина туралы қаулысына өзгеріс енді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжат мәтініне сәйкес, вакциналау тәртібіне өзгеріс енгізілген. «Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 мл дозада I компонентпен,...

Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, – деп жазды Tengrinews.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Шымкентте әуе шары құлап, 4 мың отбасы жарықсыз қалды

6 мамырда сағат шамамен 20:24-те Тұран шағынауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс...

Алматы халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Мете Еркал Алматы халықаралық әуежайының президенті болып тағайындалды, – деп хабарлады TAV Airports баспасөз қызметі. Бұған дейін ол TAV Airports Holding-те операцияларды үйлестіру менеджері және...

Елімізде өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 586, Алматы қаласы - 689, Шымкент қаласы - 139,...

7 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар

1992 жылы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов...

Мемлекет басшысы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. «Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бұл күні Қарулы...

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Құжатта бұқаралық іс-шараларды, ауызашар, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ, митингі,...

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы...

Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді – Қазгидромет

Қазгидромет 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай...

19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды

«Ақмола облысында 19 жасар таксисті өлтіріп кеткен екі жас адам ұсталды», − деп хабарлайды «Казинформ» тілшісі. Осы жылдың 4 мамырында күндізгі сағат 16.17-де Бурабай ауданы...

Нұрдәулет Иманәліұлы: Деструктивті материалдарды тарату, басқа платформаларға жіберу заң бұзушылыққа жатады

Тұтас елдің діни қауіпсіздігі, қай тұсынан қарасақ та, ел үшін маңызы жоғары. Дін жолын өз бетінше қабылдай бергеннің ақыры қолына қару алып,  лаңкестердің лаңынан...

Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан…

Бұл ақпарат ҚР Сыртқы істер министрі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі тарапынан расталған. Белгісіз жағдайда көз жұмған қыздың аты-жөні Әсел Айтпаева. Марқұмның сіңлісі Айна Айтпаеваның...

Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. «Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала...

Елордалық оқушы Ұлыбритания патшайымынан хат алды

16 жастағы елордалық оқушы өткен жылдың соңында Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға хат жолдаған. Осы жылдың басында ол хатқа жауап алыпты, - деп хабарлайды sxodim.astana. Өз...

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді. Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп...

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді. «Үздік ақпараттық бағдарлама»...

Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты. Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап...

Университет аумағында «Елбасы саябағы» ашылды

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бой түзеген ағаштар...

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.  Классикалық күрестің шын шебері көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, әлемді...

Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты. «Қазақстанда...

«Кінәм жоқ»: Елжан Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Sputnik "Бұрынғы денсаулық сақтау министрі...

«Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесінің марапаттау рәсімі өтіп жатыр

Елордадағы Қазмедиа орталығында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Биылғы «Тұмар» V ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттарының шорт-парағына 40 финалист енді. Сыйлық алуға 10...

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Жақсылыққа – жақсылық әр адамның ісі

Неге екенiн қайдам, соңғы кезде «Адамдар арасында мейiрiмдiлiк, қайы­рым­дылық, кiшiпейiлдiк, жанашырлық, бауырмалдық азайып, жүрекке жайлы тиетiн iзгi iстер сиреп бара жатыр» деген сөздердi жиi...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес

Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өз алдына Қарулы Күштерін құру туралы маңызды міндет қойды. Алғаш 1991 жылы 25 қазанда Елбасының Жарлығымен құрылған Қор­ғаныс комитеті кейін...

Елбасы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, – деп жазды elbasy.kz. «Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында еліміздің...

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді. «Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл...

Маңызды мәселелер қаралды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шылығы саласында қорда­ланған мәселелерді шешу үшін нұро­тандықтар иесіз желілерді пай­даланушы ұйымдардың мен­шігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Электр қуаты мен жылу тариф­терінің бұдан...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналы...

Президент Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери атақ алған қызметшілердің тізімін жариялады. Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 6 мамырда Қазақстан мен Дания Корольдігі ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мем­лекеттік қорғаныс комитеті...

Алмас Мыр­затай: Porshe-де басталған еңбек жолым Microsoft-та сәтті жалғасты

Былтыр Microsoft компаниясы Microsoft Translator тіл­дер то­бына қазақ тілі­нің қосылғанын ресми түр­де хабарлаған бо­ла­тын. Сондай-ақ, биыл ақ­пан айында қазақ ті­лінің Microsoft Teams плат­формасына енгі­зіл­гені...

«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр

«Қазпошта» биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 миллионға жуық сәлемдеме жеткізген. Компанияның жұмысы, пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет...

Тілегі бірдің тілі де бір болса…

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ мәтелінде. Демек бір мем­ле­кет­те өмір сүріп жатқан халықтың да мемлекет мүддесі тұрғысынан ау­зы бір болуы тиіс. Бірлік үшін не...

«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты

Орал қаласында жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. «Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің...

НАТО-ның грантын ұтып алған ғалым

Сейтхан Азатұлы – 2004 жылы Қытай елінен көшіп келген қандасымыз. Ол бүгінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev university) Химия және биологиялық...

Азат елдің армиясы − тәуелсіздік тірегі

Армия − елдің айбыны. Мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігінің ең басты кепілі. Демек, елдің Қарулы күші қаншалық мықты болса, сол елдің өсіп-өркендеуі мен дамуы да...

Ешқандай тоқ көзі жоқ: БҚО-да 6 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды

Батыс Қазақстан облысы Деркөл ауылында ойнап жүрген алты жасар қыз күмәнді жағдайда мерт болды. Газ құбырын екі қолымен ұстаған Айяның неден көз жұмғаны көпшілікке...

Айтылды – орындалды

Биыл жыл басынан бері Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі «Айтылды – орындалды» айдарымен Президент тапсырмаларының орындалу барысынан ел-жұртты хабардар етіп отыратын жақсы үрдіс бастады. Осы арқылы...

«Бейқам өмір сүрдім деп айта алмаймын»: Сабина Алтынбекова өмірінің күрт өзгергені туралы айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды zakon.kz. Тұрмысқа шыққанға дейін мен мүлдем басқаша едім, батыл, тез ашуланшақ, тіпті...

Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Бізге вакцинаны әзірлеген Гамалея атындағы орталықтан хат...

Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді

Атырауда Есенбек Сиғуатовты атып өлтірген қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Сот үкіміне екі тарап та наразы болған. Марқұмның ата-анасы...

Жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйде өзеннен табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов өлі күйде табылды, - деп хабарлайды ҚазТАГ. "5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ сүңгуірлері мен учаскелік полиция инспекторлары іздестіру...

Прокурор Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін одан әрі ұзартуды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы соттан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартуды сұрады. Осыдан екі апта бұрын ғана үйқамақ...

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды akorda.kz. – Бүкіл халық қолдаған...

МӘМС: Елордалықтар жыл басынан бері 12,7 миллиард теңгеден аса жарна аударған

«Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-сәуір айларында медициналық сақтандыру үшін  12,7 млрд теңгеден аса жарна аударды, ал сәуір айында МӘМС үшін 3,7 млрд...

Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

Ақмола облысында мас жолаушылар өздерін жеткізіп тастаудан бас тартқан 19 жастағы такси жүргізушісін өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 4 мамырда Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші...

Індет жұқтырғандар саны күрт өсті: Өткен тәуліктегі эпидемиологиялық ахуал

Елімізде өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 398, Алматы қаласы - 651, Шымкент қаласы - 70,...

Дүниежүзілік вакциналар конгресі коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцинаны анықтады

Дүниежүзілік вакциналар конгресі (World Vaccine Congress Washington) американдық Moderna препаратын коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина деп жариялады. Шорт-тізімге "Спутник V", сонымен қатар AstraZeneca, Bharat Biotech,...

Израиль Сирияны зымыранмен атқылады

Араб Әмірліктерінің ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Құрбан болған және зардап шеккен тұрғындардың барлығы - бейбіт тұрғындар. Арасында...

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz. 6 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20...

6 мамыр: Есте қалған елеулі оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1993 жылы Алматыда Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің...

Билл Гейтстің әйелі қанша ақшаға ие болатыны анықталды

Билл Гейтстің әйелі Мелинда ажырасу кезінде құны 1,8 млрд доллар болатын құнды қағаздарды иеленді. Microsoft компаниясының негізін қалаушының әйелі Канада ұлттық теміржол компаниясының 1,5 млрд...

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер

Жас баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға дейін электросамокатпен жүру ыңғайлы. Электросамокаттың ерекшелігі электр қозғалтқышы мен аккумуляторының болуында. Тіпті жанармай құйып әуреге салмайды. Электросамокатқа көлік...

Ұлыбританияда 50 жастан асқандарға вакцинаның үшінші дозасы салынады

Ұлыбританияның 50 жастан асқан тұрғындарына биыл күзде коронавирус инфекциясынан вакцинаның үшінші дозасын салу ұсынылды. Қазіргі уақытта елдің бас санитарлық дәрігері Крис Уиттидің жетекшілігімен екі түрлі...

Бөдене мың ауруға шипа

Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың пікіріне сүйенсек, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында...

Мәдина Әбілқасымова Тимур Әбілқасымовты кеңесші етіп тағайындады

Экономист Тимур Әбілқасымов қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің ресми сайты. “Тимур Әбілқасымов тағайындалғанға дейін “Radius Advisory Lab” консалтингтік...

Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауытқа тағы 1,6 миллиард теңге бөлінбек

Жамбыл облысында салынып жатқан биофармацетивкалық зауытқа бюджеттен қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінеді. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "2021–2023 жылдарға арналған республикалық...

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Мәжіліс мақұлдады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және...

Перуашев: Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері өздеріне 15 миллион сыйақы жаздырып алады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің халықты вакцинамен қамту жөніндегі жұмысын сынға алды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пандемия кезінде шағын және орта бизнестің құлдырауына...

Жетім баланы қағып кеткен шенеуніктің ұлына қатысты министрлік пікір білдірді

Қаржы министрлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен МКК қызметкерінің ұлына қатысты жағдайға қысқаша түсініктеме берді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. - Бұл комитетке де, министрлікке де қатысы...

Коронавируспен ауырғаныңызды тырнағыңыз арқылы анықтауға болады – Британдық ғалым

Тырнақтағы сызықтар мен ойықтар коронавирустың салдары болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Британдық профессор Тим Спектор жасады, деп хабарлайды Metro. Ғалым Twitter-де сурет жариялап, өсіп келе жатқан...

Елімізде валютаның жаңа түрі айналымға шықпақ

Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға валютаның жаңа түрін - цифрлық теңгені енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды zakon.kz. Цифрлық теңге қолма-қол ақшамен қатар пайдаланылатын болады. Цифрлық...

Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып. Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан...

Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

Алматыда Нayat-Vax вакцинасын салу басталды. Енді қазақстандықтар коронавирусқа қарсы үш вакцинаның біреуін таңдай алады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық...

Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген

Ақтөбе қаласының полицейлері жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы төрт айда 285 миллион...

Кадрлық өзгеріс: Архимед Мұхамбетов алты әкімді жаңадан тағайындады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алты басшыны ауыстырды, - деп хабарлайды sputnik.kz. "Бүгін қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкіміммен келесі кадрлық өзгерістер...

Екі қалада жол ақысы қымбаттады

Таразда қоғамдық көліктерде жол жүру құны 20 теңгеге қымбаттады. Жол ақысы картамен төлеген кезде 85 теңге, ал қолма-қол төлесеңіз — 130 теңге. Бұған дейін...