Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына түсті

/
Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына түсті
instagram.com/almaty.police

Алматыда жол апатына түскен қоғамдық көлік жүргізушісінің куәлігіне қатысты күмәнді жайт анықталды. Полиция тексерісі кезінде оның жүргізуші куәлігі ресми деректер базасынан табылмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алатау ауданында болған. Апаттан кейін тәртіп сақшылары автобус жүргізушісінің құжаттарын тексерген. Нәтижесінде оның жүргізуші куәлігінде қолдан жасалған құжатқа тән белгілер бар екені белгілі болды.

"Жол апаты Алатау ауданында болды. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында куәліктің қолдан жасалғанына күмән тудыратын белгілер анықталды. Сондай-ақ бұл құжат тиісті ақпараттық базада тіркелмеген", – деп мәлімдеді полиция.

Осыдан кейін автобус жүргізушісі құжаттарымен бірге полиция басқармасына жеткізілген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жүргізуші куәлігінің түпнұсқалығын және оның қандай жағдайда алынғанын анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары