713
Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет
Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 қарашада еліміздің қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында дүйсенбі күні ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.