29 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

29 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

29 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі

1985 жылы 29 қарашада Ақтөбе облысында «Алақай» қуыршақтар театры ашылды. Ондағы барлық қойылым екі тілде – қазақ және орыс тілінде қойылады. 2001 жылдан бастап «Алақай» театрының ұжымы көптеген халықаралық фестивальдердің дипломанты және лауреаты. 2007 жылы Мадридте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болатыны туралы шешім қабылданды. 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитінің қарсаңында қазақстандық ағылшын тілді «The Astana Times» газеті таныстырылды. 2010 жылы Астанада 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағының түпкілікті қорытындысына арналған жинақ таныстырылды. 2011 жылы Түркияда Невшехир провинциясының төрт туристік ауданының қиылысында «Қазақстан» бульвары ашылды. 2013 жылы Астана қалалардың VI халықаралық байқауында «ТМД мен ЕурАзЭҚ үздік қаласы» дипломының иегері атанды. 2013 жылы Гонконгте Павлодардағы №1 балалар көркем мектебінің оқушысы Арина Кузнецова «Туған өлкенің дәстүрі мен аңызы» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды. 2016 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында Робот техникасы бойынша халықаралық олимпиада (World Robot Olympiad - WRO-2016) өтті. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы ең креативті және инновациялық жоба үшін LEGO Education Creativity Award сыйлығын иеленді. 2017 жылы Польшаның Румя қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында армрестлингтен Әлем кубогы өтті. Оған қазақстандық Зарина Примак қатысып, бірінші орын алды. 2018 жылы «Заманауи қазақ бейнелеу өнерінің қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі антологиясы» көрнекі каталогының электронды нұсқасы жасалды. Бұл жоба - жоғары критерийлерге сәйкес келетін қазақстандық көркем өнер қауымдастығының үздік жетістіктерін насихаттайтын мемлекеттік имидж құру қадамы. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Болашақ термоядролық энергетиканың функционалдық және конструкциялық материалдарын сынауға арналған әлемдегі алғашқы мамандандырылған «Токамак» реакторын іске қосудың соңғы кезеңі іске асырылды. Реакторды физикалық іске қосуды іске асыру маңызды оқиға және қондырғыны жұмыстың толық ауқымды жобалық параметрлеріне шығару жөніндегі жұмыстарды бастауға мүмкіндік беретін жауапты есептік кезең. 2019 жылы Қазақстанда алғаш рет Энергия үнемдеу саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапат тағайындалды. Марапаттарға энергия үнемдеу саласының қызметкерлері, сондай-ақ энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға үлкен жеке үлес қосқан тұлғалар энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы үздік әзірлемелері үшін ие болады. «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2019 жылы 8 қарашада ведомстволық наградалар тізбесіне енгізілді. 2020 жылы Таразда «Biz birgemiz» бірегей монументі ашылды. Композиция жер планетасы түрінде жасалған, оның айналасында түрлі мамандық өкілдері - дәрігерлер, полиция қызметкерлері, еріктілер, құтқарушылар, әскери адамдар қол ұстасып тұр. Дәл осы адамдар коронавирус пандемиясымен күрестің алдыңғы шебінде тұрды.