2491
Абақтыдан шыққан азамат көлік ұрлап, өртеп жіберген – видео
Абақтыдан шыққан азамат көлік ұрлап, өртеп жіберген – видео

Polisia.kz-тің жазуынша, түрмеден енді шыққан тұрғын танысымен бірге көлік ұрлап, өртеп жіберген.
Биыл 21 қараша күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды.
Оны көшеде ұрып-соғып, оның Opel Vectra маркалы автокөлігін ұрлап кеткен. Материалдық шығын – 1 500 000 теңге. Полицейлер көп ұзамай екі күдіктіні ұстады. Екі ер адам ұрланған көлікті өртеп жіберген. Оқиғаның мән-жайы анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктінің бірі бұрын да сотталған. Бүгінде екі күдікті де уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
https://youtu.be/waZU9fWQ2Ts