Qazvac вакцинасын әзірлеген ғалымдарға мемлекеттік сыйлық берілмек

Qazvac вакцинасын әзірлеген ғалымдарға мемлекеттік сыйлық берілмек

Qazvac вакцинасын әзірлеген ғалымдарға мемлекеттік сыйлық берілмек
ашық дереккөзі
50342

Білім және ғылым министрлігі "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын" QazVac вакцинасын және "Розеофунгин-АС" зеңге қарсы жақпамай әзірлегендерге беру туралы" Қазақстан президентінің жарлығы жобасын дайындады, деп хабарлайды Ұлт ақпарат.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы сыйақы екі ұжымға - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" және Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" қызметкерлеріне беріледі. "Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға қарастырылған қаражат шеңберінде ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының ақшалай сыйақы сомасы 37 200 000 теңгені құрайды. Екі ұжым 18 600 000 теңгеден сыйақы алады", - деп түсіндірді министрлікте. "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" қызметкерлері биопрепараттың жеті түрін әзірлейді. Оның ішінде алғашқы түпнұсқалық және толық отындық препарат "Розеофунгин-АС" та бар. Бұл жақпамай зең және вирусқа қарсы күресуге арналған. Препарат отандық продуцент негізінде әзірленген. Сыйақы мына азаматтарға беріледі:
  • "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Аманкелді Садановқа;
  • "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Ася Балғымбаеваға;
  • "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вирусология бөлімінің жетекшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Владимир Березинге;
  • "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Ілияс Құлмағамбетовке;
  • "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Людмила Треножниковаға;
  • "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының биология және биотехнология факультетінің доценті міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Ұлтанбековаға берілді.
"Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" қызметкерлері халықты вакциналау кезінде белсенді қолданылып жатқан коронавирусқа қарсы QazVac отандық вакцинасын әзірледі. Осы орайда сыйақы мына қызметкерлерге беріледі деп жоспарлануда:
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты"шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Ресей Федерациясының биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі Күнсұлу Закарьяға;
  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, Қырғыз Республикасының ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ерғали Әбдірайымовқа;
  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Мархабат Қасеновке;
  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Лесбек Құтымбетовке;
  • ҒЗИ зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Мұхит Орынбаевқа;
  • ҒЗИ зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Күләйсан Сұлтанқұловаға;
  • ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Хайруллинге.

Серіктес жаңалықтары