Ұрпақ тәрбиесінде ұсақ-түйек болмайды

Ұрпақ тәрбиесінде ұсақ-түйек болмайды

Ұрпақ тәрбиесінде ұсақ-түйек болмайды
ашық дереккөзі
50529

Шымкентте «Ата-ана – ұлт­тың ұясы» атты ата-ана­лар форумы өтті. «Сенімен бола­шақ» рес­публикалық қоғамдық бір­­лес­тігі ұйымдастырған ауқымды іс-шара Шымкент қаласы әкім­дігі­нің қол­дауымен өтті.

Оффлайн өткен форумға Шым­кент қаласы әкімінің бірінші орын­басары Шыңғыс Мұқан, «Сенімен болашақ» ҚБ құрылтайшысы Нұркен Асанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері ко­митетінің төрағасы Шахмардан Бай­манов, Түркістан облыстық Адами әлеует­ті дамыту басқармасының бас­шы­сы Рақымбек Жолаев, «Білім-Инно­ва­ция» халықаралық қоғамдық қоры­ның президенті Дархан Өте, ата-ана­лар мен қала тұрғындары қатысты. Форумға Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова он­лайн қосылып, сәттілік тіледі. «Ата-аналар форумы – өте маңызды. Бала тәрбиесі – ортақ мүдде. «Ата-ана – мектеп – оқушы» үштігі тығыз қатынас­та жұмыс істесе, көп жетістікке жетері­міз сөзсіз. Себебі балаларымыз, оқу­шы­лардың білімі мен тәрбиесі ересектердің бас­ты міндет-мақсаты саналады. Форум жұ­мысына министр Асхат Айма­ғам­бе­товтің атынан сәттілік тілеймін!» – деді Шолпан Таңатқызы. «Бұл – «Сенімен болашақ» республи­ка­лық қоғамдық бірлестігінің бесінші іс-шарсы. Бала үшін бас ұстаз – ата-ана еке­нін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу де аса жауапты іс. Бірлестіктің мақ­са­ты – ата-аналардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру. Ба­ланың тұлға, кемел адам ретінде қа­лыптасу жолында маңызды фактор са­налатын отбасының, әсіресе әке­лер­дің бала тәрбиесіне атсалысуына жағ­дай жасау, насихаттау, сонымен қатар пе­дагогтердің статусын көтеру», – деді «Се­німен болашақ» РҚБ құрылтайшысы Нұркен Асанов. Ал Шымкент қаласы әкімінің бірін­ші орынбасары Шыңғыс Мұқан бала тәрб­иесі әр ата-ананың өзіне тікелей бай­ланысты екеніне баса назар аудар­ды. «Баланы тәрбиелеу үшін алдымен өзі­мізді тәрбиелеуіміз керек. Қара­пайым мысал ретінде айтайын, барлы­ғы­мызда дерлік ұялы телефон бар. Ста­тистика бойынша адам әр 3 минут сайын сол телефонға қарап қоя береді. Сөйте тұра, баласына гаджетке құмар бол­мауды ескертеді. Ал ол үшін ересек адам алдымен өзі үлгі болуы керек. Оқу­шылардың жанында мұғалімі 5-6 сағат бол­са, тәуліктің қалған уақытында ата-анасы болады. Сондықтан ата-ана ре­тінде жауапкершілікті сезінуіміз ке­рек», – деді Шыңғыс Жұмабекұлы. Форум барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төра­ғасы Шахмардан Байманов, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры­ның президенті Дархан Өте, Түр­кістан облыстық Адами әлеуетті да­мыту басқармасының басшысы Рақым­бек Жолаев сөз алып, бала тәрбиесі жайлы ұсыныстарын ортаға салды. Пленарлық жиыннан кейін фо­рум түрлі тақырыптағы се­ми­нар-тренингтермен жалғасты. Бала тәр­б­иесі саласындағы коуч-тренерлер Елжас Ертайұлы, Асхан Абжанов, Ға­лым­бек Бермағанбетов секілді ма­ман­дардың тәжірибесі форумға келген­дердің көңілінен шықты.

Назгүл НАЗАРБЕК

Шымкент қаласы

Серіктес жаңалықтары