50298
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді
Осы жылдың қыркүйек айынан бастап, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 447-3-тармағын алып тастау бөлігінде енгізілген өзгерістері заңды күшіне енді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Аталған қағидалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген болатын.Әлеуетті өнім жеткізушілер қосымша салық есептілігін ұсынған және олардың қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту енгізу мүмкіндігі алынып тасталды.Қағиданың аталған тармағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 863 бұйрығымен алынып тасталды және 2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап күшіне енді.
«Осыған байланысты, Қағиданың 447-2 тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтері веб-порталда қолдану жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады. Яғни, 2021 жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей 2020 жылдың мәліметтері енгізіледі», деп атап өтті МКК-де.