Алматыда тиктокерлерге арналған байқау ұйымдастырылады

Алматыда тиктокерлерге арналған байқау ұйымдастырылады

Алматыда тиктокерлерге арналған байқау ұйымдастырылады
ашық дереккөзі
50279

Алматыда Креативті индустрия басқармасы «Мансап күні», «Jas Stars» креативті іс-шарасы және «Almaty TikTok challenge» онлайн іс-шараларын ұйымдастыратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы қаласы Креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев айтты. Бұл туралы Оның сөзінше, Алматыда «Almaty Creative Industries Forum-2021» бірінші креативті онлайн-форумы өтеді. Форум аясында Акселерация мен креативті стартаптардың «Creaton» чемпионатын өткізу жоспарда бар. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара онлайн түрде өтеді.
Сонымен қатар, Креативті индустриялар басқармасы алматылықтардың Қала күнімен ерекше құттықтауларына арналған «Almaty TikTok challenge» байқауын бастады. «Алматының танымал тиктокерлері байқауға қатыса бастады, олар қаланың әр жерінде бейнероликтер түсіреді, бұл қаланың туристік және мәдени әлеуетін дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті Қ. Сарыбаев. Тикток кеңістігі туралы айта отырып, Қ. Сарыбаев осы желінің арқасында алматылық медиа жұлдыздардың бүкіл әлемге танымал екенін баса айтты.
Мысалы, «хомяк» деген бүркеншік есімді Алина Ким  – ТМД аумағында ең танымал тиктокер. Ол әлемдегі үздік Топ-3-те екінші орында тұр. «Біздің қалада үлкен шығармашылық әлеует бар. Мұнда креативті идеялар құратын талантты адамдар тұрады және жұмыс істейді. Оларға тек қаржылық тұрғыдан ғана емес, жалпы серпін беру қажет. Яғни, креативті орта, креативті кластерлер құру. Егер әр ауданда сіздің шығармашылығыңызды дамытатын орындар болса, онда креатившілердің саны геометриялық түрде артады», - деді Қ. Сарыбаев. Ол өзі басқаратын басқарманың басты міндеті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту екенін айтты. «Экономикалық әсерден басқа, креативті индустриялар маңызды мәдени және әлеуметтік жобалардың бастамашысы болады. Дәл осы жерде жалпы қоғамның дамуына әсер ететін мағыналар, материалдық құндылықтар мен тенденциялар туады», - деді спикер. Айту керек, Алматыда «Мансап күні» және «Jas Stars» сияқты шығармашылық іс-шараларды онлайн-форматта өткізу жоспарланып жатыр.  

Серіктес жаңалықтары