Теміртауда 35 жастағы азамат әкесінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қайғылы оқиға 29 тамызда болды. Жанжал кезінде 68 жастағы әкесі 35 жастағы ұлын пышақпен жарақаттаған.Факті бойынша ҚК 99 - бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп нақтылады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.