Болашақ кілті – кемел білімде

Болашақ кілті – кемел білімде

Болашақ кілті – кемел білімде
ашық дереккөзі
50473

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы – еліміздегі саяси­ оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қабылданатын тарихи құжат. Бұл халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, ел табысын арттыруға арналып отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы пандемиялық қиын кезеңде Жолдау өзгеше пішінде өтуімен ел назарын аударды.

Аталған Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бойынша өзекті мәселелер көтерілді. Бұл Жолдау осы салалардың жұмысын жандандыруға қозғау салып, ширатуға үлкен серпін береді деп ойлаймын. Еліміздің экономикалық дамуына халықтың әлеуметтік жағдайының артуы зор әсер етеді.
Бүгінде экономикалық даму әлемдік деңгейдегі маңызды мәселе болғандықтан, біз дүниежүзілік тенденциядан тысқары қала алмаймыз. Ол үшін ғылымға ерекше көңіл бөлінуі керек. Себебі озық елдердің бәрі де әуелі ғылымды алға қояды. Президент өз Жолдауында ғылымға көңіл бөлу керектігі туралы да айтты. Мемлекет басшысының бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін. Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген елімізде мектеп санының артуы, жалақының өсуі, жастарға деген мемлекеттік қамқорлық секілді міндеттерді орындау еліміздің экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Жас ұрпақты әрдайым білім саласы, еңбек нарығы, ақпараттық технологиялардың дамуы алаңдатады. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау да үлкен жауапкершілік жүктейді. Президенттің халыққа Жолдауы – біз жүзеге асыруға әзір нақты тапсырмалар. Біз алдыңғы қатарлы білімді, тәжірибені тарату орталығына айналамыз, біз жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына, саяси қызметтерге белсенді біріктіріп, цифрлық білім беру ресурстарын дамыта отырып, мәдениет, білімді арттырамыз. Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі әрі жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Президенттің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына кәміл сенемін.

 width=А.Е. Саденова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасы.

Серіктес жаңалықтары