"Жарылатын нәрсе бар ма?" деп екі рет сұрадым, "жоқ" деді - Өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы

"Жарылатын нәрсе бар ма?" деп екі рет сұрадым, "жоқ" деді - Өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы

"Жарылатын нәрсе бар ма?" деп екі рет сұрадым, "жоқ" деді - Өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы
ашық дереккөзі
3800

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы өртті сөндіруге барған қызметкерлердің бейнежазбасы тарап жатыр.

Өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Мұхаметжанов екі мәрте жарылғыш зат бар-жоғын сұрап, нақтылап алғанын, екеуінде де ешқандай жарылатын нәрсе жоқ деген жауап алғанын айтады. Бейнежазбаны журналист Ирина Советжанқызы instagram-дағы парақшасында жариялады.
Алдыңғы видеодағы Алмаздың, "қарауыл бастығы айқайлап мені тауып алып, цементтің артына тастап, келесісін құтқаруға кетті" деген азамат осы — қарауыл бастығы Мұхамеджанов. Өрт сөндірушілердің алғашқысы болып, оқиға орнына барған. "Бара сала барлау жасаймыз, старшина кім деп сұрап, жарылатын зат бар ма деп сұрадым, жоқ, — деді". Алғашқы дауыстар шыға бастағанда, тағы сұраған. Жоқ, деген жауап алыпты." Тоқтаусыз су келсе де, ол өртті өшіре алмас едік. Жарылғыш зат бар жерге бізді жақындатпауы керек еді" — дейді Байзақ ауданы, 8-өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Мұхаметжанов, - деп жазылған бейнежазба мәтінінде.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)

Серіктес жаңалықтары