Танымал әнші Ауғанстаннан қалай қашқанын айтып берді

Танымал әнші Ауғанстаннан қалай қашқанын айтып берді

Танымал әнші Ауғанстаннан қалай қашқанын айтып берді
ашық дереккөзі
50309

Ауғанстанды басып алған тәліптердің қоршауында бірнеше адам қалды. Солардың бірі – эстрада әншісі Ариана Саид пен жас спортшы, футбол әлемінің жұлдызы Заки Анвари. Болашағынан үміт күттіретін футболшы Кабул әуежайында америкалық С-17А әскери ұшағына жармасамын деп мерт болған. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды.

– Менде бәрі жақсы. Тірімін. Ұмытылмас үш түнді өткізіп, Катардағы Дохаға да жеттім. Енді үйіме, Стамбулға ұшамын. Үйге барып, көрген адам сенгісіз барша қиындықтарды артқа тастап, өз-өзіме келемін. Көп нәрсені әлі де айтатын боламын, – деп жазды ол.
36 жастағы өнер иесі «Голос» байқауының жергілікті нұсқасында әділ қазылар алқасы қатарында болған.  Елдің қоғамдық-саяси оқиғаларына ашық көзқарасын білдіріп, мәлімдемелер жасаған. Кабулды басып алғаннан кейін әнші америкалық әскери ұшақпен қашқандар қатарында болған.

Серіктес жаңалықтары