Атырау облысынан снаряд қалдығы табылды

Атырау облысынан снаряд қалдығы табылды

Атырау облысынан снаряд қалдығы табылды
ашық дереккөзі
50207

Атырау облысының Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданында снаряд қалдығы табылды, деп хабарлайды Zello-Atyrau жаңалықтар порталы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамызда сағат 12:45-те снаряд табылған. «Құрманғазы ауданындағы «Сазды» шекара заставасынан 103 шақырым қашықта зымырандық қозғалтқышы бар авиациялық снарядтың бөліктері табылды. Арнайы мамандар Ресей Федерациясының «Капустин ЯР», «Акшулук» сынақ полигондарына іргелес аумақтағы оқиға орнында тексеру жүргізді. Қазір авиациялық снарядтың бөліктері табылған аумақта күзет күшейтілді. Бөгде адамдардың жақындауына тыйым салынды. Зардап шеккендер жоқ», делінген департамент баспасөз қызметінде.

Серіктес жаңалықтары