Белгілі актриса маньякпен қалай кездескенін айтып берді

Белгілі актриса маньякпен қалай кездескенін айтып берді

Белгілі актриса маньякпен қалай кездескенін айтып берді
ашық дереккөзі
50280

Танымал актриса көшеде қарапайым адамдар арасында жүретін  маньяктан сақтануға шақырды. Бұл туралы өзінің инстаграм парақшасына жазды.

Актрисаның айтуынша, оқиға Алматы қаласында болған.
– Абай-Алтынсарин көшесіндегі "Москва" ойын-сауық орталығының алдында тұрғанымда бір ер адам арқамның бүлінгенін айтты. "Құс бүлдіріп кеткен-ау, жүріңіз, менің көлігімде сулы майлық бар", – деп машинасына шақырды. Мен сыпайы түрде бас тарттым. Жақын маңдағы наубайханаға барып, сулы майлық сатып алуға кірдім. Сыртқа шыққанда әлгі кісіні қайтадан көрдім. Қалтасынан ақ кремді шығарып, бір қыздың сөмкесін бояп жатыр. Ол қызды да тасада тұрған машинасына шақырды. Мен оған айқайлап, жұдырығымды түйдім. Ол қашып кетті. Міне, бір қарағанда мейірімді адам болып көрінсе де, масканың артында маньяк тұр. Ересек адамдарды осылай алдайды, балаларды ертіп кету тіпті оңай. Балаларға сақ болыңыздар, – деді актриса.

Серіктес жаңалықтары