50285
Ауғанстан: Министрдің үйіне шабуыл жасалды
Ауғанстан: Министрдің үйіне шабуыл жасалды
Ауғанстанның Қорғаныс министрінің үйіне жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны 8-ге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомство мәлімдемесіне сілтеме жасап.
«8 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 20 адам жарақат алды. Олардың қатарында Мохаммадидің күзетшілері бар», – деп жазылған ресми хабарламада. Бұған дейін 4 адамның ажал құшқаны жарияланған еді. Ресми дерек бойынша, қару асынған топ алдымен Қорғаныс министрі генерал Бисмилла хан Мохаммадидің үйінің жанында көлікті жарып жіберген, содан кейін олар үйге баса-көктеп кірген. Шабуыл шамамен бес сағатқа созылды. Тәртіп сақшылары қастандық жасаған бес лаңкесті жер жастандырған.