Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болған Жания Азаматқызының отбасына бағалы сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев жаңа туған нәрестенің ата-анасының үйіне құттықтау үшін барған. Айтулы оқиғаның құрметіне отбасына бір миллион теңге көлемінде сертификат сыйлады. Сондай-ақ бала арбасын, сәбиді күтуге арналған жинақ, жеміс толған себетті сыйға тартқан.
Сонымен қатар Жанияның екі үлкен әпкесіне смартфондар сыйлаған.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің 19 миллионыншы тұрғынының дүниеге келуі 3 тамызда белгілі болды