50336
Испандық боксшы: Василий Левитті нокаутпен жеңгеніме еш таңғалмаймын
Испандық боксшы: Василий Левитті нокаутпен жеңгеніме еш таңғалмаймын
Токио Олимпиадасында Василий Левитті бірінші айналымның екінші раундында сұлатып салған испандық Эммануэль Рейес қарсыласының Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы деген дардай атағы болса да, нокаутпен жеңгеніне еш таңғалмайтынын айтады. Бұл туралы Vesti.kz сайты жазады.
«Жеңіске жету үшін тынбай еңбектендім. Левиттің мықты тұстарын және оның шаршы алаңда қалай қимылдайтынын жақсы білемін. Нокаутпен жеңгеніме еш таңғалмаймын, себебі кез келген қарсыласты сұлатып түсіретін мықты соққым бар. Нокаутқа түсіруді көздемедім де , бірақ ол маған жеңіс «әперді», маңыздысы да осы», – дейді Рейес.Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасының үздігі Абылайхан Жүсіпов (69 келі) алғашқы айналымнан ары аса алмай, жарысты аяқтаған болатын. [caption id="attachment_151897" align="alignnone" width="1024"] Фото: Владислав Семёнов, Қазақстан ҰОК[/caption] Көп ұзамай 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Олимпиада жүлдегері Василий Левит бірінші кездесуінде нокаутпен жеңіліп қалды. [caption id="attachment_151898" align="alignnone" width="800"] Фото: REUTERS[/caption]