Токио-2020: Зілтемірші Зульфия Чиншанло Токио олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Токио-2020: Зілтемірші Зульфия Чиншанло Токио олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Токио-2020: Зілтемірші Зульфия Чиншанло Токио олимпиадасының қола жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
Токиода өтіп жатқан Жазғы олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен зілтемірші Зульфия Чиншанло қола жүлде ұтып алды. Зульфия жұлқып көтеру жаттығуында алдымен 90 келіні келіні басынан асырды. Ал екінші мүмкіндігінде 93 келіні көтергенімен төрешілер есепке алмай қойды. Үшінші мүмкіндігінде де дәл осы келіні көтерсе де төрешілер тағы да есепке алмады. Ал серпе көтеру жаттығуында ол 123 келіні бағындырды. Сөйтіп, қоссайыс нәтижесі бойынша қазақстандық зілтерімші 213 (90+123) келі көрсеткішімен қола жүлдені иеленді. Бұл салмақта Хидилин Диас (Филиппины) алтын жүлдені ұтып алса, қытайлық Цююнь Ляо күміс жүлдені місе тұтты. Еске сала кетейік, бұған дейін дзюдодан 60 келі салмақта белдескен Елдос Сметов пен ауыр атлетикадан ерлер арасында 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Игорь Сон Қазақстан құрамасының қоржынына қос қола жүлде салған болатын. 00