Өскеменде балалар алаңында ішімдік ішкен азаматтар жауапқа тартылды

/
Өскеменде балалар алаңында ішімдік ішкен азаматтар жауапқа тартылды
polisia.kz

Өскеменде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге қатысты үш дерек тіркелді. Құқық бұзған азаматтардың жасы – 33, 42 және 46-да. Оның екі жағдайы Михаэлис көшесі мен Назарбаев даңғылындағы балалар ойнайтын алаңда болған. Тағы бір дерек Комаров көшесінде тіркелді. Барлық жағдай бойынша заң аясында шара қабылданды.

Балалар ойын алаңдары бүлдіршіндердің ойнап, демалуына арналған. Сондықтан мұндай орындардың қауіпсіз әрі отбасылар үшін жайлы болуы маңызды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу белгіленген тәртіпті бұзып, айналадағы адамдарға қолайсыздық тудыруы мүмкін.

Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгелердің тыныш әрі қауіпсіз демалу құқығын құрметтеуге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар