Токио-2020: Боксшы Абылайхан Жүсіпов Олимпиаданың алғашқы айналымында жеңіліп қалды

Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан командасынының мүшесі Абылайхан Жүсіпов бірінші кездесуінде жеңіліп қалды.

69 келі салмақ дәрежесінде бокстасқан Абылайхан алғашқы айналымда америкалық Джонсон Делантемен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, қазақтың салмағы атанып кеткен 69 келіде жұдырықтасатын Қазақстан командасының тәжірибелі боксшысы жарыс жолынан шығып қалды.

Back to top button