Токио-2020: Василий Левит алғашқы кездесуінде нокаутпен жеңіліп қалды

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы Василий Левит Токио Олимпиадасындағы бірінші кездесуінде нокаутпен жеңіліп қалды.

Алғашқы кездесуінде Испания спортшысы Эммануэль Рейеске қарсы бокстасқан Василий екінші раундта нокаутқа түсіп қалып, жарысты тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы, қазақтың салмағы атанып кеткен 69 келіде өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымында жарысты аяқтаған болатын.

Back to top button