Үндістан елшілігі Арқалықта концерт өткізді

Үндістан елшілігі Арқалықта концерт өткізді

Үндістан елшілігі Арқалықта концерт өткізді
ашық дереккөзі
50548

Үндістан тәуелсіздігіне 75 жыл толуына орай «Үндістан@75жыл» атты мерекелік шаралар өтті, деп хабарлайды Baq.kz

2021 жылдың 3-5 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығының (SVCC) Катхак би мұғалімі-орындаушысы Трипти Санвал ханым және Табла-вокал мұғалімі-орындаушысы Правин Кумар Дубей мырза кеш ұйымдастырды. Олар Аркалық қаласындағы Әйгерім Осипова ханым жетекшілік ететін «Натараджа» би ансамблімен бірлесіп, үнді билері мен әндерінен шеберлік сынып мен қойылым ұйымдастырды.
Трипти Санвал ханым Катхак биі бойынша шеберлік сабақтарында классикалық Катхак биінің элементін түсіндірді. Үндістанның Болливуд биінің үлгілері де үлкен қызығушылық тудырды. Студенттермен топтық би жаттығулары өткізілді. Правин Кумар Дубей мырза дәстүрлі Үнді музыкалық жүйесін түсіндіруді және бастауыш деңгейдегі әндерді орындауды қамтитын шеберлік сыныптарын өткізді, – делінген Үндістан елшілігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
SVCC мұғалімдері мен «Натараджа» би ансамблі студенттерінің бірлескен биі мен ән композицияларынан құралған концерттік бағдарлама орындалды, оның құрамында классикалық Катхак Тарана биі, Болливуд Бхангра биі және бірлескен қазақ-үнді ән композициясы және Болливуд хинди әні орындалды. Белсенді өнер көрсеткен қатысушылар алғыс сертификатпен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары