Сұйытылған мұнай газы электронды сауда арқылы сатылады

Сұйытылған мұнай газы электронды сауда арқылы сатылады

Сұйытылған мұнай газы электронды сауда арқылы сатылады
ашық дереккөзі
329
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған мұнай газы электронды сауда алаңдары арқылы сатылады. ҚР Энергетика министрлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарлық газдың шекті көтерме бағасын өңірлерге байланысты 3,8 пайыздан бастап 17,5 пайыз шегіне дейін төмендетті және осы уақытқа дейін көтерілген жоқ. Бұған қоса, ішкі нарыққа арналған тауарлық газдың бұл бағасы өзіндік құнынан төмен. Сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын Энергетик министрлігі елдің ішкі нарығына арналған жеткізілім жоспары аясында ай сайын қалыптастырып отырады», – деді Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр. Оның айтуынша, 2021 жылғы І-ІІ тоқсанда сұйытылған мұнай газының ішкі нарықтағы көтерме бағасы қосылған құн салығынсыз тоннасына 38 701 теңге мөлшерінде бекітілген. Ал 2020 жылғы ІІІ тоқсанда сұйытылған мұнай газына әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты тоннасына 28 мың теңге болған еді.

Серіктес жаңалықтары