«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының ұжымы өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарына көмек қорына бір күндік жалақысын аударады.
Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне Риддер маңындағы
өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырған болатын. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддерде зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді. Әкім тұрғын үй мәселесі алдағы екі айда шешілетінін айтты.