Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: дзюдошы Әділжан Жаудинов жүлдеге бір қадам жетпей қалды

/
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: дзюдошы Әділжан Жаудинов жүлдеге бір қадам жетпей қалды
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынады.

Жерлесіміз 100 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін күресті.

Әділжан шешуші белдесуде Эстония өкілі Марек-Адриан Масакпен кездесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша ол әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, ұлттық құраманың қоржынында бір алтын, бір қола медаль бар. Бұған дейін Санжар Еруланұлы жеңімпаз атанса, Асқар Біржанов (100 келі) үшінші орын алған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары