Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі
ашық дереккөзі
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли осылай мәлімдеді. «Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды», – деп жауап берді Талғат Уәли журналистердің сауалына. Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлады. «Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», – деді министрліктің ресми өкілі. Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған.