Қостанайда ер адам екі зейнеткерді алдап, 23,5 млн теңгесін иемденген

/
Қостанайда ер адам екі зейнеткерді алдап, 23,5 млн теңгесін иемденген
istockphoto

Қостанайда ер адам егде жастағы екі әйелді алдап, жалпы сомасы 23,5 млн теңгені иемденген. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот хабарлады.

Алаяқтар әйелдерге телефон соғып, біріне немересінің, екіншісіне қызының жол апатына себеп болғанын, оларды қылмыстық жауаптылықтан құтқару үшін ақша беру қажет екенін айтқан.

"Кейін әйелдерден ақшаны алуға Б. есімді азамат келген. Ол жәбірленушілердің біріне өзін Рустам деп таныстырған. Ал екінші әйелге екі рет барып, берген ақшасының жеткіліксіз екенін айтқан. Салдарынан жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 23,5 млн теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.

Бірінші сатыдағы сот ер адамды аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес алты жылға бас бостандығынан айырды. Апелляциялық сот бұл үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сотталған азамат кассациялық шағымында алдын ала сөз байласу болғанын және өзінің тек курьер қызметін атқарғанын мәлімдеді.

"Алайда кассациялық сот оның бұл уәжін қабылдамады. Сот анықтағандай, екі жағдайда да ер адам әйелдерді ақша беруге көндіргеннен кейін қолма-қол ақшаны алып, санап, әртүрлі шоттарға аударған. Сонымен қатар аударымдар туралы сыбайласына есеп беріп, жымқырылған ақшадан өз үлесін алған", - дейді сот.

Бұл мән-жайлар оның қылмыстық топтағы алдын ала бөлінген рөлге сәйкес әрекет еткенін дәлелдеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар