740
Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен Отан қорғаушыларды марапаттады
Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен Отан қорғаушыларды марапаттады
Отан қорғаушылар күніне орай Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 өкілі мемлекеттік наградаға ие болды. Ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерге Қорғаныс министрлігінде де құрмет көрсетілді. Үздіктер мерзімінен бұрын әскери атақтар алды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған әскери қызметшілер қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан батырлардың есімдерін еске алып, "Мәңгі есімізде" монументіне гүл шоқтарын қойды.
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамын Отан қорғаушылар күнімен және алдағы Жеңіс күнімен құттықтады. Ерекше көзге түскен қызметкерлерге салтанатты жиналыста мемлекеттік наградалар табыс етілді, бірқатар әскери қызметшілер мерзімінен бұрын әскери атақтар алды.
Кеше Президенттің Жарлығымен 23 әскери қызметші мемлекеттік наградаға ие болды. Тағы жеті офицерге Жоғарғы Бас Қолбасшы бас погондарды тапсырды. Бұл барлық жеке құрамның қызметін жоғары бағалау, деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.