Бүгін – Отан қорғаушылар күні

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

Бүгін – Отан қорғаушылар күні
ашық дереккөзі
1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Бұл күн елімізде мемлекеттік мереке және демалыс күні саналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап тиімді қауіпсіздік жүйесін құрғанға дейінгі аралықта еліміз ауқымды жолдан өтті. Бүгінде біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді қорғай алатын қуатты да айбынды армиямыз бар. Отан қорғаушыларды және барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын!», – деді Тұңғыш Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мереке қарсаңында бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді.