446
Билл Гейтстің әйелі қанша ақшаға ие болатыны анықталды
Билл Гейтстің әйелі қанша ақшаға ие болатыны анықталды
Билл Гейтстің әйелі Мелинда ажырасу кезінде құны 1,8 млрд доллар болатын құнды қағаздарды иеленді.
Microsoft компаниясының негізін қалаушының әйелі Канада ұлттық теміржол компаниясының 1,5 млрд доллар акциясы және АҚШ-тағы құны Autonation ірі автодилерінің құны 300 млн долларлық үлесі тиесілі болып қалды. Бұл туралы АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржалар бойынша Комиссиясының есебінде айтылған. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар арасында мүлікті бөлісу процесі әлі аяқталмағаны анықталды.
Forbes Билл Гейтстің бүкіл байлығын 124 млрд долларға бағалайды.
Дүйсенбі күні Билл мен Мелинда Гейстер ажырасатыны туралы мәлімдеді. Олар мәлімдемесінде бірге тұрған 27 жыл ішінде үш бала тәрбиелеп, бүкіл әлем бойынша жұмыс істейтін қайырымдылық қорын құрды. Олар танысқаннан кейін жеті жылдан кейін 1994 жылы Гавайиде үйленген болатын.