319
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады.
«Құрметті азаматтар, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Беларусь арқылы Ресейге осы елдің ықтияр хаты немесе РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген тиісті негіздер болған кезде ғана ұшып келе алатынын еске саламыз», – деді СІМ.
Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге келесі елдер арқылы ұшып келе алады: Түркия, Швейцария, Мысыр, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корея, Куба, Сербия, Жапония, Сейшель аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзербайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка.
Сондай-ақ ҚР СІМ Қазақстан азаматтары Ресейге келесі жолдармен жете алатынын еске салды:
1) тікелей әуе рейстерімен;
2) тізбесі РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген елдер арқылы транзитті әуе рейстерімен;
3) РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен көзделген негіздер болған жағдайда құрлықтық өткізу пунктері арқылы не басқа елдерден келе алады.