Елімізде ғылыммен айналысуға кедергі жоқ

Елімізде ғылыммен айналысуға кедергі жоқ

Елімізде ғылыммен айналысуға кедергі жоқ
ашық дереккөзі
1734
Қоғамда «Жастар ғылым саласына қызықпайды» деген таптаурын көз­қарас қалыптасқан. Оған себеп те жоқ емес. Ғылымның болашағына деген күмән, ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасы­ның әл­сіздігі, жалақының төмендігі мен қағазбастылық талантты жастары­мыз­­дың өзге саланы таңдауына немесе шетел асып кетуіне себеп болып отыр. Алайда осындай түйткілді мәселелерге қарамастан отандық ғылым­ның дамуына ерекше үлес қосып жүрген жастарымыз жетерлік.  width= Тынбай еңбек етіп, еліміздің атынан ха­лық­аралық жарыстарда үздіктер қатарынан та­былып жүрген жас ғалымның бірі – Тұң­ғыш Президент – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, физика саласындағы жоғары жетістіктері үшін  төсбелгісінің иегері, «ТМД-ға 100 идея» (Беларусь, Минск) халықаралық ин­новациялық жобалар конкурсының жеңім­пазы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Жас ға­лым­дар кеңесінің төрағасы, физика бойын­ша философия докторы (PhD) Әлия Әлжанова Ермекқызы. – Әлия, сұхбатымызды ғылым жо­лы­на қалай келгеніңіз туралы әңгімеден бас­тасақ. – Шынымды айтсам, физик ғалым бола­мын деп ешқашан ойламаппын. Өйткені мен мектепте математиканы тереңдетіп оқыдым. Болашақта байланыс саласында жұмыс істе­гім келгендіктен физика пәнін таңдадым. Қа­былдау емтиханынан кейін маған ЖОО-ны таңдау түскенде ҚазҰУ-ға бүйрегім бұрып тұр­ды. Оқуға түскен күннен бастап ғылым жо­лын таңдау туралы ойлана бастадым. Ма­териалдық-техникалық және ғылыми базасы жо­ғары оқу орнында білім ала жүріп ғылым жо­лын таңдамау мүмкін емес. Ал ғылым әле­м­іне алғашқы қадамымды 3-курста оқып жүр­генімде бастадым.  Факультетте дәріс бер­ген оқытушыларым ғылым жолын таң­дауыма себепкер болды десем қателеспеймін. Ғылымды таңдағаныма өкінген емеспін. Өйт­кені бұл менің жолым екенін білемін. – Әлемде физика саласы бойынша же­тіс­тікке жеткен әйелдер аз емес. Осы орай­да өзіңіздің қазір айналысып жүр­ген наноқұрылымдар бойынша ғылыми жұ­мысыңызбен таныстыра кетсеңіз. – Менің бүгін айналысып жүрген тақы­ры­­бым іргелі ғылыми зерттеулерге бағыт­тал­ған. SiO2/Si және Si3N4/Si құрылымдарын, жыл­дам ауыр иондармен сәулеленуін зерт­тедім. Аталған зерттеу аясында 2 монография жазып, өнертабысқа 2 инновациялық патент алып, жоба жетекшісі ретінде 2 халықаралық грант­ты иемдендім. Сондай-ақ нөлдік им­пакт-факторы бар рейтингі жоғары басы­лымдарда 30-дан астам мақалам шықты. Зерттеу жұмысым газ сенсорларына арналған белсенді элемент ретінде болашағы зор саналатын кремнийге аса сезімтал жаңа нано­материал әзірлеумен тығыз байланысты. Алдағы уақытта іргелі зерттеулер кезеңін аяқтаған соң зерттеу нәтижелеріне сай про­тотип жасау және монеталандыруды қолға алмақпын.  width= – Елімізде ғылыммен айналысатын әйел­дерге қандай да бір тосқауылдар бар ма? – Ғылымдағы әйелдердің кедергіге тап болған кезін көрген жоқпын. Бұған саясат­тағы толеранттылық бағыттың зор ықпалы бар деп санаймын. Менің ойымша, қазір ер мен әйелдің сан жағынан әйелдер ерлерден қалыспайды, тіпті кейбір салада әйелдердің көш бастап тұрғанын байқаймыз. Ғылымға қызығушылығы бар адамның еңбек етуіне, ізденуіне ештеңе кедергі бола алмайды. – Кезіндегі студент Әлия бүгінде жас­тарға дәріс беріп, жол сілтеп, ғылымға бағыт беріп жүр. Осы орайда қазіргі жас­тардың ғылымға қызығушылығы қан­дай екенін  сұрағым келеді. – Техникалық ғылым саласына қызыға­тын талантты жастар өте көп. Олардың із­де­німпаздығы, жан-жақтылығы, кең көлемде ойлай алатыны ұстаз ретінде мені қуантпай қоймайды. Техникалық ғылымның ерекшілігі де сол, студенттердің ең батыл, ең мықты деген инновациялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жастардың ғылым жолына бет бұра бас­тауы­на соңғы жылдары мемлекет тарапынан ғылымға көңіл бөліне бастауы себеп болып отыр деп ойлаймын. Жылдан-жылға ғалым­дардың мүмкіндіктері көбейіп, грант саны мен қаржыландыру көлемі артып, жастардың шетелде ғылыми тәжірибеден өтіп, білік­тілігін арттыруына жағдай жасалып жатыр. Жалпы, ғылыммен айналысамын деген адам қолда бар мүмкіндікті жан-жақты пайдала­на­ды деп ойлаймын. Бүгінгі басты мәселе  ғылымды ком­мер­циализациялау деп жатырмыз. Осы орайда мен талантты жастардың стартап жобаларын қолдау, оны өндіріске енгізу турасында мәселені былай шешуді ұсынамын. Жас ға­лымдарға арналған бизнес-тренинг өткізуді енгізу керек. Бұл дегеніміз біздің ЖОО-ға кәсіби бизнес-тренерлер келіп, студенттерге ғылыми әзірлемелері мен жобаларын сәтті стартапқа айналдыруға үйретеді деген сөз. Бұл ретте жастар тайм-менеджментті мең­геріп, жақсы ғылыми презентацияны қалай жасауға болатынын көреді. Байқағаным, осыған дейін аз да болса ұйымдастырылған бизнес-тренингтерге жастардың көзқарасы өте жақсы, олар осы тәжірибені ары қарай жал­ғастыруды сұрап жатады. Жалпы, еліміз­дің жас ғалымдары шетел ғалымдарымен бірлесе ғылыми жобаларды жасап, әлемдік университеттердің тәжірибесімен кеңірек танысса деймін. – Білім және ғылым министрлігі жа­нын­дағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі ретінде кеңестің жас ғалым­дар­ды және Қазақстан ғы­лымын қолдауда атқарып жатқан жұмысы туралы айтып берсеңіз. – Жас ғалымдар кеңесі сіз айтқан мә­селе­­лер­мен бірнеше жылдан бері айналысып ке­леді және алғашқы нәтижелері де жоқ емес. Менің ойымша, аталған бағыттағы жұ­мы­сымызды жалғастырсақ, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Өзім Қазақстан Президенті Әкімшілігінің тап­сырмасы негізіндегі «Ғылымды дамыту бойынша ұлттық жоба» әзірлемесі бойынша Бі­лім және ғылым министрлігі Ғылым коми­те-ті жанынан құрылған жұмыс тобының са­рапшысымын. Аталған жұмыс тобы ая­сында бүгінгі күні біз ғалымдардың жағ­дайын жақ­сартуға арналған нормативтік-құқықтық ак­тілерге енгізілетін өзгерістерді әзірлеп жа­тырмыз. Атап айтқанда, арнайы ипотекалық бағдарламаларды енгізу арқылы ғалымдардың тұрғын үй жағдайын жақсарту, олардың жалақысын көтеру, докторантураға түсу шарттары, т.б. бойынша ұсыныстарымыз бар. Бүгінде бұл айтқандарымыз ұсыныс күйін­де болғанымен, іске асатын күні алыс емес деп ой­лаймын. Ойымыз орындалып жат­са, ғалым­дардың өмірі жақсы жағына өз­геретіні анық. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары