«Дәстүрім – асыл қазынам» қайырымдылық жобасы өтті

«Дәстүрім – асыл қазынам» қайырымдылық жобасы өтті

«Дәстүрім – асыл қазынам» қайырымдылық жобасы өтті
ашық дереккөзі
413
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Қазақстанның ұлттық дәстүрі мен мәдениеті айы аясында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Дәстүрім – асыл қазынам» қайырымдылық жобасын өткізді. «Дәстүрім – асыл қазынам» қайырымдылық жобасының әлеуметтік маңызы зор. Қайырымдылық жоба аясындағы іс-шаралар кешенін тамашалауға көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері шақырылды. Қайырымдылық жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жүзеге асты. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдегендей, жаңа жоба Көрісу күнінің тәлім-тәрбиелік сипатын көрсетіп, өскелең ұрпаққа өнегесі мол туындыларды ұсынады. – Барша қазақстандықтарды ата-бабамыздың ежелден келе жатқан мерекесі – Көрісу күнімен құттықтаймын. Бұл мереке – барша жұрт бір-бірімен қауышып, жастар үлкендердің батасын алып, қыстан аман-есен шыққанын мерекелейтін күн. Біз де бүгін өсіп келе жатқан жас бүлдіршіндерге осы дәстүрімізді көрсетіп жатырмыз. Барша қазақстандықтарға дүниежүзінде өршіп тұрған індеттен аман-есен өтейік деп тілегім келеді. Көрісу күні – достықтың, қайырымдылық пен жақсылықтың мерекесі. Сондықтан бүгінгі «Дәстүрім – асыл қазынам» атты жобаны біз көп балалы отбасылардан шыққан кішкентай бүлдіршіндерге арнадық, – деп жеткізді министр Ақтоты Райымқұлова. Жоба халқымыздың бұрыннан келе жатқан «Көрісу» дәстүрінен бастау алды. Көрісу дәстүрінің ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін іс-шараға жиналған зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері түсіндіріп, жас бүлдіршіндерге тамаша үлгі көрсетті. Бұл мерекені балалардың көз қуанышына айналдыру мақсатында іс-шараға келген қонақтар барша бүлдіршіндерге кәмпит, жент, құрт, ірімшік сынды ұлттық тағамдардан тұратын тәтті сыйлықтар жинағын табыстады. Қонақтардың қатарында ҚР Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Мәжіліс депутаттары Бекболат Тілеухан, Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Дархан Мыңбай, Айгүл Мүкей, Мақсат Толықбай сынды белгілі тележүргізушілер мен танымал блогерлер болды. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлының айтуынша, Ұлыстың ұлы күні балалардың асыға күтетін мерекесі болып қалыптасу керек. – Бүгінгі «Дәстүрім – асыл қазынам» қайырымдылық жобасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті айы аясында өтіп жатыр. Халқымыз бұрыннан-ақ Көрісу күнін мейірімділік пен қамқорлық, бірлік пен келісім сынды мәңгілік құндылықтарды дәріптейтін мейрам ретінде тойлаған. Осыған орай, Наурыздың бастауы – Амал мерекесінде біз мейірімділік шуағы мен жүрек жылуын сыйлау дәстүрін бастадық. Бүгінгі жоба соның дәлелі. Бұл жоба арнайы жас бүлдіршіндер үшін ұйымдастырылып отыр. Балалар – еліміздің болашағы. Наурыз мерекесінің бастауы осындай дәстүрге сай тойланып, балалардың санасына кіріксе, нағыз халықтық мейрамға айналады, –  деп мәлімдеді Жеңіс Сейдуллаұлы. Құттықтаудан кейін іс-шара мерекелік концертке ұласты. Концертте «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі мен Құрмаш Махан, Ардақ Балажанова, Құмарбек Қалқатай, Дінисламбек Жайлаубай, Гүлнәр Көшенова, Біржан Айтахметов, Айдана Қаржаубаева сынды белгілі әншілер өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаға көрермен сүйіп тыңдайтын халық әндері мен заманауи танымал туындылар енген. Мерекелік ән мен күй шашудан кейін бүлдіршіндер Наурыз көжеден дәм татып, «Астана мюзикл» мемлекеттік театры дайындаған «Наурызбектің оқиғасы» интерактивтік ертегісін тамашалады. Заманауи форматтағы қойылым жас бүлдіршіндердің ұлттық құндылықтар мен фольклорлық мұраға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Қазақ ертегілерінің, танымал мультфильмдер мен комикстердің кейіпкерлері тоғысқан ертегінің қызық сюжеті балалардың көңілінен шықты. Жоба отандық анимациялық фильмдердің көрсетілуімен аяқталды. Балалар «QAZAQSTAN» ОКЗ үлкен залында «Қазақфильм» АҚ ұсынған «Күлтегін» мультфильмін тамашалап, көңілді уақыт өткізді. Іс-шара соңында балалар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.  width=  width=  width= width=

Серіктес жаңалықтары