Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды
ашық дереккөзі
Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау көрсетті. Сондықтан ата-бабаларымыздың өмі­­рін сақтап қалған қазақ еліне, қазақ жұр­ты­на мың да бір алғыс айтамын! Қасиет қон­­ған қазақ еліне, қастерлі Отаныма алғыс ай­тамын! «Тәрбие – тал бесіктен басталады» дейді. Расы­мен, біздің барлық жеңістеріміз бен жетістіктеріміз ата-анамызбен, олардың берген тәлім-тәрбиесімен тікелей байла­ныс­ты. Сол себепті, мен бүгін білім алуыма, тіл үйренуі­ме, патриот болып қалыптасуыма бар­лық жағдайды жасаған жақындарыма ай­рықша алғыс білдіргім келеді. Биыл 1 наурызда алғыс айту күнін бесін­ші мәрте тойлағалы жатырмыз. 2016 жылы Қа­зақстан халқы Ассамблеясы мүшелері Алғыс айту күнін тойлауды ұсынған еді. Бас­таманы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы да қол­дады. Бұл шынымен де үлкен идеоло­гия­лық мәні бар мереке. Тағы да бір айта кететін жайт – 1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрыл­ған күні. Бұл – қоғамдық келісім моделін қа­­­лып­тастыру, ынтымағымыз бен бірлігімізді, бейбіт­шілігімізді сақтаудағы  Ассамблеяның үлесін, айрықша рөлін көрсетеді. Дәл осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның жанынан құрылған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы да түрлі аймақтарда, ауыл­дар мен қалаларда арнайы шаралар ұйым­дастырады. Әрине пандемияға байланысты көптеген шараларға шектеу қойылып жатыр ғой. Дегенмен, рақмет айтуға, алғыс білдіруге ешқандай шектеу жоқ деп ойлаймын.