ДИМАШ – АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы Еуразияны дүбірлетіп өткен халықтардың бүгінгі жалғасы – қазақтардың жан дүниесінде ғажайып бір еркіндік бар. Ол азаттық атты құдіретті терең түйсінуден туған қасиет. Содан болар, аласапыран кезеңдерде тағдыр тәлкегіне ұшырап, бір жарым ғасырдай жаттың боданында болған ел еркіндік таңы атып, тәуелсіз мемлекетке айналғанда ұлтымыздың тұншығып келген қабілет-қарымының жарқырап көрінетініне, талантты ұл-қыздарымыздың түрлі әлемдік додаларда топ жарып, алты әлемді таңдай қақтыратынына сенгенбіз.

Ұлтыңа деген сенім мен махаббат алға ұмтылдырмай, мақсат биігіне талпындырмай тұрмайды. Бір кезде одақтас рес­публикалардан құралған үлкен мем­ле­кеттің ішінде заманауи ғылым-білімді иге­ріп, ақыл-ойы мен таланты өзгелерден кем түс­­песе де «үлкен ұлттың» шовинистік пи­ғылының қиянатына ұшырап талай жолы ке­­сілген халықтың перзенттері үшін Тәуел­сіздік – ешқандай қысымға бағынбай, әлем­дік үдерістерге өз үлесін қосып, даңққа бө­­ленуге ашылған төте жол болды. Оған сая­­сат, экономика, спорт пен өнер са­ла­сында жеткен талай жетістіктеріміз дәлел. Алайда солардың арасында ерекшелеп айту­ға тұратын қазақтың бір үлкен жетіс­тігі – есімі төрткүл дүниеге мәшһүр, әлемге Ди­маш атымен танылған феномен әнші Дінмұхаммед Құдайберген болды.

Әрине, қазақ – қазақ болғалы талай ке­ремет ұлы өнерпаздар мына дү­ниенің есігін ашып-жауып кеткені мәлім. Ары­дағы Әміре, берідегі Ермек Серкебаев, Роза Бағланова, Аманкелді Сембин, Ерік Құр­манғалиев секілді дауысы даласындай кең, тауындай биік, тас бұлақтың суындай сың­ғырлаған әуезді  талай әншілеріміз болды. Өз кезінде олар да әлемнің көптеген ме­м­лекетінің жеріне табаны тиіп, небір ду­лы орталарда ән шырқап, қазақ әнінің құ­­діре­тін танытқаны мәлім. Бірақ «Әр за­ман­ға – бір зауал» демекші, ол тұста со­лардың талантын әлемге танытуға бүгін­гі­дей пәрменді тарату құралдары болған жоқ. Газет-журналдарда жазылып жатқанымен оның да мүмкіндігі шектеулі еді. Ал әншінің өнерпаздық деңгейін тікелей танытуға себі тиетін радио-телевидениелердің өзі ай­мақ­тық, ары кетсе мемлекеттік деңгейдегі құ­рал болатын. Сондықтан қазақтан шыққан та­лантты өнерпаздардың әлемдік мәдениет тарихынан лайықты орын алып, кең түрде таныла алмай қалғаны саясаттың қыты­мыр­лығы мен өркениеттің күллі адамзат­тық деңгейде дами қоймағанының себебі­нен еді. Міне, осы олқылықтардың орнын тол­тырып қана қоймай, өнер әлемінде бұ­рынғы шыққан биігімізді одан әрі көтеріп отыр­ған Димаштың бұрынғылардан асқан екі бағы бар, оның біріншісі әлемде өте си­рек кездесетін дауыс диапазоны болса, екін­шісі – күллі адамзатты бір-бірімен жа­қын әрі тығыз байланыстырып тұрған ақ­па­раттық технология дәуірінің азаматы еке­ні.

Сөзімізді ұзақтан орағытпай бірден ті­кесіне көшуге болар еді, алайда өй­тетін болсақ, Димашқа қатысты әңгімені «Жал­ғыз шапқан ат – жүйрік» дәрежесіне тү­­сіріп, бүгінде қазақтың бағына айналған ба­ланы өнердің құйрық-жалсыз кереметі қы­лып, онымыз жұрттың көңіліне келетін жел сөз болар еді. Шын мәнінде Димаш қа­зақ әншілігін өзінен бұрынғылар жеткен биік­тен де асырып қана қоймай, ізіне  Ернар Садырбаев (Әміре сахналық есімімен «Славянский Базар» конкурсында бірінші орын алды), Дәнелия Төлешова (Украи­на­лық «Голос. Дети» шоуының жеңімпазы, «Аме­рика таланттарды іздейді» шоуының фи­налисі), Ержан Мақсым (Ресейлік «Голос. Дети» шоуының жеңімпазы, Junior Eurovision конкурсының жүлдегері) секілді талантты іні-қарындастарын ертіп, соларға дем беруші тұлғаға айналды. Бұл енді әлем­дік ән өнерінде Димаштың Қазақстан, қа­зақ деген ұғымдарды брендке айналдыруы деген сөз. Сондықтан ендігіден былай қарай дүниежүзі өнерде қазақтан, Қазақстаннан ерекше таланттарды іздеп отыратын болса, оның Димаштың арқасында қол жеткен жақсылық деп санап, өз елімізде феномен әншімізді бөлекше құрметтеу дағдысын қалыптастыруымыз керек.

Бір кезде Saz alemi жобасында әділ­қа­зылар тарапынан өнері сыналған кез­де халықтың көбі Димашты онша біл­мей­тін. Бірақ дауыс мүмкіндігі бар жас ән­ші­ге дұрыс кеңес берудің орнына оны мүл­де тұқыртып тастағысы келгендердің әре­кеті сол кезде де, қазір де ақтауға кел­мей­тін еді (Бағым Мұхитдинова бастаған қа­зылар алқасының сол сындарын жа­қын­да ресейлік «Привет, Андрей» теле­бағ­дар­ла­масында орыстың белгілі әншілері қалай күл­кіге айналдырды десеңізші). Сол Saz alemi жобасынан екі жыл өткенде Димаш «Славянский базар» конкурсында қалай өнер көрсетті! Одан тағы екі жыл өткенде Қы­тайда өткен  I am Singer шоуында тама­ша өнер көрсеткен Димаштың талантын бү­кіл әлем таныды. Одан бергі жерде сол дең­гейден түскен емес. Бірақ өз ішімізде әлі күн­ге танудан гөрі таңдану басым.

Осыдан бірер күн бұрын YouTube бей­нехостингіндегі Qasqa Jol арна­сына сұхбат берген танымал жас әртіс­тер­дің бірі Қайрат Әділгерей Димаштың жас кезі, бір кездегі сыналған сәттері туралы ай­та келіп, мынадай пікір білдірді (айта кету керек, ол Saz alemi жобасында сын­шы­лардың Димаш туралы пікірін құптайды екен): «Осыдан бір апта бұрын Димашты отырып қарадым. Кез келген әңгімесі – ұлт. Сонда ол өзінің амбициясын ойламайды, тек қана қазақты, ұлтын ойлайды. Олай өмір сүру өте қиын ғой. Ондай жауапкер­шілікті ала алатын адам болса, тағдыр оған сондай бақ береді.

…Жалпы, қазақ биікте жүрсе де Димаш­ты әлі танымайды. Димаштың өнеріне мұқ­таж емес. Неге? Өйткені біздің музы­ка­лық сауатымыз, деңгейіміз жоқ. Қазір бүкіл әлем­ге қазақты танытып жүрсе де, бізде Ди­маштың деңгейіндегі музыка тыңдайтын адам аз. Өйткені фонограммамен айтатын ша­ла сауатты әншілер құлақты бітеп тас­таған. Соларды дәріптейді бізде. Егер те­леви­зиядан симфонияны, жақсы әндерді тың­дата берсе, халықтың музыкалық деңгейі өсер еді. Өйткені талғамды қалып­тас­тыратын өнерпаздар». Өнердің бело­р­та­сында жүрген азаматтың пікірі бұл. Демек, біз өзіміздің дарынды әншіміздің шы­нында қандай биік екеніне көзіміз жете бастады деген сөз. Әрине, өз ортамызда мұндай пікір­дің бірінші рет айтылуы емес, дегенмен осы­лай ойлайтындардың қатарының кө­бейе бастауы жақсы құбылыс.

Сыншылдық деңгейінің жоғары болуы әдетте өнердің өркендеуіне себі тиеді деп жатады. Қате демейміз. Бірақ тек сынап-мінеу қандай да бір таланттың шы­ғармашылық ерекшелігін ашып бере бер­мейді. Талдап, түсіндіріп отырса ғана өнердің құдіреті халықтың ойына сіңіп, қабылдауын жеңілдетеді. Міне, осы жа­ғы­нан алғанда, қуаныштысы – бізде Ди­маш­тың әншілігін, ерекшелігін түсіндіріп бере алатын кісі бар екен. Қызығы – ол музыка маманы емес.

Әдебиетші, эссеист Мақсат Тәж-Мұрат төрт жылдай уақытын Ди­маш туралы кітап жазуға арнап, жиыны мың беттен асатын екі том кітап жазыпты. «Димаш. Когда жаждут крика» («Димаш. Шыған дауысты аңсау») атты орысша, қазақша жазылған бұл кітапта Димаштың әншілік талантының ерекшелігі маман музыка сыншысы деңгейінде талданған. Баспасөзде аздаған үзінділері жариялан­ғанымен әлі кітап болып шықпаған еңбе­гінде Мақсат Тәж-Мұрат былай деп тол­ғай­ды:

«Бүгінге дейін мәлім болып отырған фактілер Димаштың әншілік дауысы дәл лирикалық тенорға жататынын анықтайды. Мұны Singer өтіп жатқанда әншінің ал­ғашқы вокал ұстазы, оның табиғи дауы­сын одан әрі тәрбиелеген Марат Әйтімов бір­ден ескерткен болатын. Кейінірек «Ме­нің дауы­сым – лирикалық тенор» деп Димаштың өзі де айтқан. Сондай-ақ М.Әйтімов «Димаш контртенор емес, себебі ол төмен нота­лар­ды да еркін ала береді» деп және бір кәсіби ескерту жасаған-ды. Әншіні бозбала ша­ғы­нан білетін, жылдар бойы аптасына төрт рет баулыған маманның бұл сөзіне құлақ асу керек. Бүгінде осы пікірді шетелдік во­-кал педагогтар да қуаттап отыр. Солардың бірі Elena Limon-ның жазуынша, «Димаш – фальцеттік дауысты шеберлікпен меңгерген тенор». Сонымен бірге мамандар әншінің қажет жерде баритональдық тенормен де, драмалық тенормен де айта беретініне назар аударады. Мысалы, кейінгі «Грешная страсть», «Любовь уставших лебедей» композицияларында бұл дауыс түрлері ән драматургиясында ішінара қолданылса, әнші 2013 жылғы «7 ән» телеконкурсында «Кінәлама» әнін бастан-аяқ баритональдық рок стилінде, 2017 жылғы Singer бай­қауын­да Konfesso-ны түгелдей драмалық тенор ретінде орындап шықты.

…Димаштың әншілік дауысы еш алайдасыз, …қазақтың ер әншілерінің «мен­шікті» дауыс түрі – тенорға, соның ішінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті жоғары те­норға жатады.

…Сол сияқты оның дауысын бірыңғай сопраноға апарып телу де еш сын көтер­мейтін пікір. Сопрано – негізінде дауыс ауқымы (диапазоны) – до 1 октавадан басталып, – до 3 октаваға дейін жететін опе­ралық әйел әншілер вокалы. Орт­а­ғасырда, Италиядағы барокко дәуірінде ерлердің жоғары, биік дауысына эсте­ти­калық ділгерлік туып, осындай барокколық репертуарға арнап Росси, Кариссими, Франческо ди Милано, Заннетти, Гендель сияқты белгілі композиторлар сопранолық кантаталар жаза бастағанда оларды орын­дауға ер адамдарды, дәлірегін айтқанда, арнайы ақта етілген ер балаларды тартқан. Бірақ дүниеде сирек те болса азбан (каст­рат) емес еркек сопранолар да кездеседі, олар­ды «таза сопранистер» деп атайды.

…Біздің заманымызда таза сопраншы жалғыз әнші бар, ол – молдаван опералық солисі Раду Марьян. Дауысының биіктігі С4 – С6 диапазонындағы таза сопраноға дейін жететін Раду табиғи кастрат («эндокриндік кастрат»), яғни дауыс биіктігі ағзадағы эндокриндік ерекшеліктермен байланысты әнші ретінде бағаланып отыр. Басқаша айтқанда, ол ер бала сопраносын («періште дауыс») еске салатын табиғи дауыстың иесі. Осы бірегей дауыстың сақталып қалуына негіз болған нәрсе дейді мамандар, Радудың дауысының бозбала шақта мутацияға ұшырауы әдеттегіден ұзаққа созылған және дәл осы сын кезеңде оған итальян композиторы Флавио Колуззо кездесіп, соның жетекшілігімен вокал өнерінен сабақ алғандықтан дауысының бірегейлігі жоғалмай сақталады. Димаштың әншілік тарихы бір есептен Марьянның басында болған осы жағдайға келіңкірейді. Қазақ әншісі әкесінен лирикалық мақпал тенор дауысты еншілеген, сонымен бірге оның дауысынан да, бойынан да анасынан біткен асыл қасиеттер көрініп тұр, әсіресе бұлақтың үніндей, хрустальдай таза, биік сопрано дауысы. Содан болуы керек, Димаштың бала кездегі негізгі дауысы сопрано түрінде белгі береді…

…Әдетте тенор тесситуралы әншілердің бой-сопрано дауысы 10-12 жаста жоғалып кетеді, ал дауыстың сынуының жалпы ран­домдық мерзімі 12-20 жас аралығын қам­тиды, яғни осы кезеңде негізгі, табиғи дауыс қалыптасып болуы керек. Соған сәйкес Димаш шамамен он бес-он алтыға келгенде онда тенор, баритон, тіпті бас сияқты еркекке тән табиғи дауыс түрлері нышан тастайды, бірақ ғажабы сол, бас­қаларда бұл кезеңде әйелдік сопрано дауыс жоғалып кетіп жатса, Димашта ол жоғал­май, дәл Марьяндағыдай таза қалпын бұз­бай қала береді. Раду Колуззоны кезіктіргені сияқ­ты, Димашқа тағдыр Әйтімовты жо­лық­тырған. Мұндағы гәп өзі де ән айта­тын соңғысының педагогтік дарынында ғана емес, оны ұстаз ретінде тәрбиелеп шығар­ған кеңестік музыкалық білім беру жүйе­сінің ерекшелігінде, яғни классикалық ба­ғы­тының күштілігінде».

Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, ав­тор Димаштың әншілік қабілетін аша түсу үшін көптеген салыстырулар жа­сайды. (Үзінді көптеу көрінгенімен кітап­тың мың беттік жойқын еңбек екенін ескер­сек, біз мысалға алып отырған аз ғана мә­тін теңіздің тамшысындай-ақ). Үлкен әнші тудыра алған ел ол туралы да үлкен әңгіме айта алғаны қандай ғанибет! Бұған қарап бүгінгі қазақ өз дарындарын тани алуға қабілеті жететін ел екенін мақт­а­нышпен айтуға болады.

Әлемдік деңгейде жұрттың назарын аударып отырған Димаш Құдайбер­ген туралы БАҚ-тарда жиі әңгіме болуы заңды құбылыс. Дегенмен кейінгі кезде сен­сация қуалаған адамдар мен басылым­дардың ұлт мерейін көтеріп отырған ән­шіміз жайында жиі жөнсіз қауесет тара­тып жататыны ұят нәрсе.

Өткен жылдың соңына таман Димаш Құдайберген «Привет, Андрей» атты бағ­дар­ламаға Лев Лещенко, Валерий Леон­тьев, Григорий Лепс, Лолита, Николай Бас­ков, Филипп Киркоров, Дима Билан, Сергей Л­азарев секілді ресейлік эстрада жұлдыз­дары және композитор Игорь Крутоймен бірге қатысқан еді. Онда кеңестік кезеңнен бастап бүгінге дейін­гі үздік жыл әндерін орын­даған талантты ән­ші­лер шақырылып, олар­дың әндеріне, жеке өмірлеріне қа­тысты қы­зық­ты жайт­тарды көр­сете оты­рып ән сал­дырды, пікірлерін тыңдады.

Сол бағдарламада Димашқа қатысты Saz alemi конкурсында айтқан әділ­қазылардың пікірі ресейлік өнер жұл­дыздары арасында күлкі шақырып, қыл­жаққа азық болды. Өйткені олар Димаштай та­лант­ты адамға музыка әлемінде өз елінен сырт­қа беделі жоқ әлдебіреулердің әнді өй­тіп айтпа, бүйтіп айтпа дегенін қабылдай алмады. Тіпті Басков Димашқа қарата «Мұ­ны не үшін сынау керек, ол идеал адам ғой» деп те жіберді. Сосын аталған конкурстағы «сы­налуына» орай Димаштың айтқанынан бір­деңенің ұшығы байқалғандай болды. Ди­маштың айтуынша, ол Saz alemi ән сайы­сында басқа ән айтпақшы болған, бірақ ұйым­дастырушылар «Көркемім» әнін орын­дауын, сондай-ақ, одан дауыс мүмкіншілігін көрсетуді сұраған. Кейін содан өздері ілік тауып, сынаған көрінеді. Демек, Димашты сынау үшін біреулер әлгі «ұсыныстарын» әдейі жасамады ма екен күдікті ой келеді көңілге. Ал енді осының ертеңіне қазақ­стан­дық бір сценарист әншіні сынап, өзінің Instagram парақшасына шулы пікір қал­дырды. Сол-ақ екен, қазақстандық медиа оның пікірін жарыса жариялап, бір жырғап қалды. Ал шынында мәселе мүл­де басқа еді. Бағдарламада Димаш біреуден кек алғысы келген жоқ, керісінше, бір кезде өзін сынағандарға түсіністікпен қарай­ты­нын жеткізді. Сосын, ғаламторда жүрген «сын­шылардың» бейнежазбасын орыстар бая­ғыда-ақ көріп, Қазақстанда Димашқа сын айтатын да біреулер бар екен-ау деп күл­ген. Ал оған әнші баланың қатысы қан­ша?! Оны біздегілер саясатқа айналдырып, Димаш­ты қазақтың намысын орысқа жы­ғып бергендей қылып көрсеткісі келетіні есі дұрыс адам үшін шындыққа қиянат, ұят­сыздық (кезінде біреулердің Димашты «Қы­тайдың жобасы» дегені сияқты). Асылы, өнер мен саясатты шатастырмаған дұрыс-ау…

Бірақ Құдай бақ беріп тұрса, оған дауа бар ма, осыдан көп өтпей Димаш АҚШ президенті Джо Байденнің инаугу­ра­циялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шараға шақырылды. (Бұл АҚШ президентінің таққа отыру рәсіміне арналған шараға қазақтың әншісі тұңғыш қатысуы болатын). Онда әнші ағылшын және қазақ тілінде АҚШ-тың жаңа прези­денті мен вице-президентін құттықтап, қазақтың халық әні «Самалтауды» нәшіне келтіре орындады. Ал салтанатты шараны ұйымдастырған Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қа­зақстандық орындаушының шығарма­шы­лығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті. Осындай биік құр­мет қазақ өнеріне бұрын-соңды көрсе­тіліп пе екен сірә?..

Алайда тыныш жатса қазақ – қазақ бола ма?

Осыдан бірер жыл бұрын біреулер бық­сы­тып жүрген бір іштарлық әңгімесін біреу­лер сайттарға салып, тағы шулатты. Тағы Димаш туралы… Бұл жолы қазақтың жанды жері – рушылдықтың әңгімесін қоздырды. Яғни «Димаштың руы қазақ ішіне сіңген қырғыздардан тарайды екен» екен деген бықсық сөз. Құдай-ау дейсің, этникалық негізіне қарасаң, кімнің кімге жақындығын кім біледі? Барлық ұлт түрлі тайпалардан бі­­­рігіп, елге айналады емес пе? Шежіреде жа­зылғандай, барлық рудың түбі ұлтты құрайтын бір кісіден тарайтынына кім кепілдік береді? Есте жоқ ескі заманға кете­тін тарихтың бар әңгімесі түгел деп кім айт­ты? Тіпті кейбір ұлттар өз атын ХХ ға­сыр­дың басында алды емес пе? Мұның өзі қоз­ғап абырой алатын әңгіме емес, бірақ өз іші­міздегі кейбіреулердің әлі майда әңгіме қуып, бәрін өз бойымен өлшеуге дайын тұра­тынын көргенде күйінбей тұра алмай­сың…

Жақында Димаш өнерін өрістету үшін біраз жыл АҚШ-та тұрып ең­бек ететінін айтыпты. Ал оны түсінбей, «ел­ден мүлдем кетеді екен» деп шулап жүр­гендер қаншама… Үлкен кемелердің еркін жүзуі үшін мұхитты қажет ететіні секілді, әлемдік шоу бизнестің ең үлкен орталы­ғына Димаш бармағанда кім барады?!.

«Болам деген баланың бетін қақпа, бе­лін бу» дейді халқымыз. Әлемнің үлкен дер­жавасына барып, халқының атын да, за­тын да танытамын деген баланы неге қуа­на қолдамасқа?..

Бүгінде ғаламторда Димаш туралы ай­тылған ойлар мен жазылған пікір­лерде есеп жоқ, тіпті оны түгел санап шығу үшін бір адамның өмірі жетпейтін шығар. Дегенмен әр жерде шашырап жүрген үзік-үзік пікірлер (көбісінің мәні де ұқсас)  жи­нақ­талып, қорытылмаған соң, одан жұртқа ән­шінің өнері туралы терең түсінік қалып­тасуы қиын. Ал Димаш туралы кәсіби дең­гейі жоғары зерттеу еңбектердің өз елінде пай­да болуы және оның әлемге жетуі  – өте маңызды іс.

Редакция таңдауы

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....
zh1

Жириновскийдің тағы жыны қозған ба?

Әдетте өзге елдің ресми тұлғаларына қатысты сөз айтарда мәдениеттің шегінен шықпай, сыпай...
halima

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы...
img23

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке...

Жаңалықтар

ШҚО-дағы 12 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр

Шығыс Қазақстанның Новопокровка ауылында 10 тұрғын үйдің ауласын су басып, 36 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір аумақта 40-қа жуық құтқарушы мен семейлік әскери...

293 дана киік мүйізін сатпақ болған браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап. «Биыл 9 сәуірде киік мүйізінің...

Жириновскийдің тағы жыны қозған ба?

Әдетте өзге елдің ресми тұлғаларына қатысты сөз айтарда мәдениеттің шегінен шықпай, сыпай түрде сөз саптайсың ғой. Бірақ партия лидері бола тұра және бір елдің...

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы бейнесін сомдаған қазақтың даңқты әншісі Күләш Байсейітова есімізге түседі. Ал Ақжүніс образын...

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам өзін өртемек болды

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам баспанасын тартып алмауы үшін өзін өртемек болды. Көп балалы отбасы көшеде қалғалы тұр. Астана тұрғыны бұл шешіммен келіспейді,...

Қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық Сергей Цырульников Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды "Хабар 24". Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толғанына орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников...

Еліміздегі 10 миллион гектар орман алқабы жайылымға берілмек

Елде орман қоры ретінде арнайы қорғауға алынған алқаптың 10 млн гектары жайылымға беріледі. Бұл мәселе бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссиясының үшінші отырысында қаралды. Жиын...

Журналистиканың ардагері Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойы аталып өтті

Оңтүстік өңірдің ардақты журналисі Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойын атап өту шаралалары Түркістанда бастау алды. Атап айтқанда, Қазақстанның құрметті журналисі, Түркістан облысы мен Бәйдібек...

Көктемде иммунитетті жақсартатын 5 дәрумен

Гиповитаминоз - адам ағзасына дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі. Көбінесе гиповитаминоз қыста және көктемнің басында, жаңа піскен көкөністерді, жемістерді тұтынбағаннан, күн сәулесінен келетін дәрумендер азайған кезде...

ШҚО-да жоғалып кеткен екі жасар баланың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар...

Мемлекет басшысы Ұлыбритания патшайымына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбур герцогі Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды akorda.kz Қазақстан Президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы II...

Ingenuity тікұшағы 11 сәуір күні Марста алғашқы рейсін жасайды

Ingenuity тікұшағы 11 сәуірде Марста алғашқы рейс жасайды. Бұл туралы ToDay News Ufa РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады. Бастапқыда ұшу 8 сәуірге жоспарланған болатын, ұшу...

Қабдеш Жұмаділовтің телеарнаға берген соңғы сұхбаты (видео)

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады. Жазушының...

«Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық жобасына Түркия қолдау көрсетеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған "Ясауи ізімен" ғылыми-танымдық экспедициясы Түркі елдеріне ортақ жобаға айналады. Бүгін Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы...

Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Ірі көлемде пара алып жатып ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді. 2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас...

Нұр-Сұлтандағы карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады: кинотеатр, боулинг,...

Елімізде өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды.  Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 548, Алматы қаласы - 715, Шымкент қаласы - 85, Ақмола облысы - 99, Ақтөбе...

Вакциналарды араластырып салмаған жөн – ДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері вакциналарды араластырып салдырмауға кеңес берді. Бұл мәлімдемеге Францияның денсаулық сақтау министрінің шешімі түрткі болған. Себебі министр «АстраЗенека» компаниясы екпесінің бірінші...

iPhone 13-ке қатысты жаңа деректер жарияланды

Apple-дің жаңа смартфонында деректерді қорғайтын екі сенсор — Face ID және Touch ID болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында белгілі инсайдер Макгуайр Вуд мәлімдеді,...

Президент: Сапасыз жолдарды жөндеуге мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп баға берді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.  «Еліміздегі республикалық және жергілікті...

104 жастағы кейуана коронавирусты екінші мәрте жеңді (видео)

Колумбияның Тунха қаласында тұратын 104 жастағы Кармен Эрнандес коронавирусты екінші рет жеңді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап centralasian.media хабарлады.  Алғашында кейуана коронавирустан 2020 жылдың...

Букингем сарайы: Эдинбург герцогы Филипп 99 жасында қайтыс болды

Британдық герцог Эдинбург ханзадасы Филип 99 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Букингем сарайы ресми түрде мәлімдеді. Ол патшайым Елизаветамен 74 жыл отасқан. Олардың төрт баласы...

Қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналар мутацияланған вирусқа төтеп бере ала ма – маман жауабы

Ел тұрғындарына салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тұра ала ма? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық...

Алматының екі ауданында суық су болмайды

Медеу және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті....

Солтүстік Корея «Қиын жорық» жолына түседі — Ким Чен Ын

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Еңбек партиясының барлық деңгейдегі ұйымдары "Қиын жорық" жолына түсетінін мәлімдеді. Бұл саясат Солтүстік Кореяда 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс пен...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге үстемақы қосылатыны рас па — министрлік түсініктеме берді

Қазақстандық зейнеткерлер мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемақы алатыны туралы жалған хабарлама таратуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Жапония билігі төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесін пысықтап жатыр.  Daily Mail басылымының хабарлауынша, жапон үкіметі жұмыс уақытының қысқаруы...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Алматыда жылжымалы вакцина салу пунктері ашылады

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинацияға арналған жылжымалы медициналық пунктер құрылады. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты. «Медициналық мекемелер мен емханалардан...

Байден АҚШ-тың әскери бюджетін қысқартпақ

АҚШ президенті Джо Байден елдің әскери бюджетін қысқартпақ. Бұл салаға бағытталатын қаржы көлемі елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың  бөлгісі келген сомадан 7 млрд долларға...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....

«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында жаңа тәуелсіз елдер пайда болып әлем картасына өзгеріс еніп қана қойған жоқ, осы ғасырдың туындысы − ақпараттық технологияның дамуы ғылым-білім...

Жанарбек ӘШІМЖАН: Miras кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Мемлекет басшысының «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыру аясында 14 кеңес құрылды. Әрине, барлығының өзін­­дік орны мен мақсаты, бағыт ба­ғ­да­ры алабөтен, бірақ...

Соңғы көш Кеңсайдан емес, кең даладан дамыл тапты…

Бұдан бұрынғы жылдары өмілдірік құйысқаны күнмен көмкеріліп кісінеп ерте жететін кербесті көктемнің биылғы келісі кештеу болды. Көкек шақырып үлгермей, Арқаның ақ түтек ақпа бораны...

Атырауда бала ұрған тәрбиеші 4 жылға сотталды

Атыраудағы №2 қалалық сот сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №20 "Алтын балық" мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Педагог...

Негізгі ұстаным – елімізде адам капиталын дамыту

«Nur Otan» партиясының жанынан Білім мен ғы­лымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесі құрылғаны баршамызға белгілі. Еліміздің дамуының негізгі бағыттарын қамтитын дәл осындай 14 Қоғам­дық кеңес...

Америкалық отбасы Моңғолияда қазақ тілін үйретіп жүр

АҚШ азаматы Крейг Портелл отбасы­мен 1998 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып, ондағы жергілікті қазақтарға ағылшын тілінен сабақ бере бастайды. Кейін Портелл отбасы осы аймаққа...

СҚО «сары» аймақта: Өңірде карантин күшейтіледі

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» өтті. Осыған орай бүгін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланады. СҚО санитаириялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше,...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1993 жылғы 15 сәуірде Бельгия Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 1996 жылғы 10 сәуірде Ресей Федерация­сын­да Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті. 1999...

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында энциклопедия тұсаукесері өтті

8 сәуір күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» басылымының тұсаукесері болып өтті. Руханият қоржынымыз тағы...

Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан...

Алматы облысында 12 сәуірден бастап карантин шаралары күшейтіледі

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап...

Ғарышкер қазақ елін сағынышпен еске алды

1981 жылы нау­рыз айының 22-сі күні моңғол азаматы Жуг­дэрдэмидийн Гуррагчаа мен КСРО-ның екі дүркін Батыры, ұш­қыш-ғарышкер Вла­димир Жаныбеков «Союз-39» кемесімен Бай­қо­ңыр­дан ғарышқа көте­рілген болатын....

Қол ұстасып көш бастаған

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесіне  қадам басып отырмыз. Бұл жылдарда  елі­міз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей  бас­шы­лығымен бұрын-соңды болмаған мол табыстарға жетті....

Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық

Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынын анық аңғардық. Осы ретте сіздерді...

Алматыдағы екпе салу орындарының тізімі жарияланды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы емханалардан басқа нысандарда ашылған екпе салу орындарының 9 сәуірдегі жаңартылған тізімін ұсынды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпе...

Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Әсен Жақсылықов Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды. Әсен Жақсылықов 1980 жылдың 3...

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар, атап айтсақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9...

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен екі адам табылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Қаракөл ауылынан Жаңа Бұқтырма кентіне бет алған 1988 жылғы әйел мен 1986 жылғы ер адам жоғалып...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 264 мыңға жуықтады

Қазақстанда өткен тәулікте 2440 адамда коронавирус расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz жазды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 446, Алматы қаласы - 717, Шымкент қаласы - 72,...

Талдықорғанда жаңа қалашық тұрғындарын сотқа беріп жатыр

Талдықорғанда жаңадан салынған коттеджді қалашықтың тұрғындары газға белшесінен қарызға батып жатыр. 250 тұтынушының берешегі 22 миллионға жеткен. ҚазАқпараттың жазуынша, 2 жыл бойы үндемедік деген «ҚазТрансГазАймақ»...

9 сәуір: тарихи оқиғалар күнтізбесі

Осыдан 2 жыл бұрын, 2019 жылы 9 сәуірде Қазақстан тарихында маңызды оқиғалардың бірі орын алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан уақытымен 13.00-де республикалық телеарналар...

Карантин талабын бұзған әкімге айыппұл салынды

Қызылорда облысында мерекелік шараның бірінде карантин талабын сақтамаған ауыл әкіміне айыппұл салынды. Бүгінде өңірде бұл бағытта 45 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Оның құрамында полиция департаменті,...

Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік бөлігінде күн...

Оппозиция сайты арандатушы пікірді неге жалаулатып тұр?

Қазіргі кезде электрон ақпарат құралдарын тіркетіп алып, «демократия» деген желеумен ел арасына іріткі салушылар көбейіп кеткен сияқты. Әсіресе шетелде тіркелген сайттарда екіұшты пікірлерді қалай...

Самарқанд облысында жайылымсыз қалған шопандар қалаға қойларын айдап кірді

Қайсы елде болса да, соңғы жылдарда тіршілігін малмен байланыстырған халыққа кедергі көбеюде. Себебі елді мекендердің маңайындағы жерлердің бәрін иелеп алғандар қарапайым халыққа мал жаятын...

Ертісбаев революцияға жол бермеу үшін биліктің не істеуі керек екенін айтты

Бұл жолғы шығарылым талай халықты сорға қалдырған, экономикаларды жұтатқан түрлі-түсті төңкерістерге арналды. Бұл туралы саясат ғылымдарының докторы Ермұхамет Ертісбаев Yertysbayev Live YouTube-арнасындағы сұхбатында мәлім етті. Бұл...

Түрмеде асылып қалған ер адамға қатысты тергеу басталды

Орал қаласында түрмеде 33 жастағы ер адам асылып қалды. Оқиға 7 сәуір күні БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/3 мекемесінде болды. 1988 жылғы жазасын өтеуші...

Рамазан айында Құран хатым рәсімдері қашықтан оқылады

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде...

Елбасы кітапханасы мен Халықаралық Түркі академиясы арасында меморандумға қол қойылды

Елбасы кітапханасы мен Халықаралық Түркі академиясы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, тәжірибе алмасуды көздейтін меморандумға қол қойды. –  Түркі академиясы жыл сайын ғылым, мәдениет,...

Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма – Бас мүфти

Бұл сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді. «Дініміз жеңілдікті қалайды. Егер коронвируспен ауырып, жазылғаннан кейін денсаулығыңыз ораза ұстауға...

«Nur Otan» партиясы: қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 43 мыңнан астам өтініш түсті

«Nur Otan» партиясында қазақстандықтардың қандай түйінді мәселелерін шешуге қол ұшын созып жатқаны туралы айтылды. Жыл басынан бері еліміз бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 43 мыңнан...

Вакцина алған адам қалай тамақтануы керек

Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарда вакцина алғаннан кейін иммунитет жылдам қалыптасады. Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена...

Министр оқушылар қашан мектепке оралатынын айтты

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың қашан мектепке оралатынын айтты. «Пандемияға байланысты жағдай тұрақталып, өңірлер «сары» және «жасыл» аймаққа кіргенде оқушылар мектепке оралады....

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі...

Министр отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны шығаруға қатысты түсінік берді. «Тиісті стандарттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу...

Зейнетақы қорынан жарты миллион теңгені қалай алуға болатыны хабарланды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жарты миллион теңгені қандай жағдайда алуға болатынын хабарлады. Бұл туралы Қордың Instagram-дағы парақшасында жазылған. Қорға зейнет жасына жеткен кезде жинақ қандай жағдайда бір рет төленеді...

5 адам қаза тапты: ата-әжесін немерелерімен атып өлтірген

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Рок-Хилл қаласында болған атыс салдарынан бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты. ҚазАқпараттың Fox 13 телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, құқық...

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері қандай келісім жасағаны белгілі болды

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты...

Түркістанда дәрігерлер мерзімінен бұрын туған үшемнің өмірін арашалап қалды

Түркістандағы №3 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері небәрі 1,5 кг салмақпен туған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, бүгін перзентханадан шығарып салды. Дәрігерлердің айтуынша,...

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мемлекет басшысының сынына жауап берді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шектеулер мен рейдтер күтілген нәтиже әкелмей отыр деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы...

Биыл қанша білім гранты бөлінеді – министр жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл бакалавриатқа – 51 500, магистратураға 13 500 грант берілетінін мәлімдеді. «Биылғы мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыс атқарылуда....

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды....

СҚО-да еліктер аштан өліп жатқан жоқ – инспекция

Солтүстік Қазақстан облысында еліктердің өлуіне қатысты әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларға орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының өкілдері түсінік берді. СҚО-да бірер күннен бері әлеуметтік...

Коронавирустың британдық штамы әдеттегіден 1,32 есе жұқпалы – жапон ғалымдары

Жапонияда коронавирустың британдық штаммының таралу коэффиценті бастапқы нұсқасына қарағанда 1,32 есе жоғары болып шықты. Жапония Инфекциялық аурулар бойынша ұлттық институтының мамандары осындай қорытынды жасады,...

Баспасөз хатшысы Президенттің неге «Спутник-V» вакцинасын салдырғаны туралы айтты

Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Бұл туралы ҚР Президентінің...

Атырауда ауаның ластануы: «Теңізшевройлға» қатысты тексеру басталмақ

Экология министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы...

Елорда тұрғындары газ қосу үшін пайызсыз несие ала алады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және «ECOJER» қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газбен қамтуға жәрдемдесу бойынша жоба іске...

Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылы су астында қалды

Екі өңірдің құтқарушылары Қоянды кентінде құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.  Елорда маңындағы Целиноград ауданының Қоянды ауылында Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары...

Елорданың бас санитары қала тұрғындарына үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуге шақырды. «Құрметті елорда тұрғындарымен қонақтары! Біздің қоғам үшін маңызды діни...

Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан...

Ажыраспақ болған әйелін бопсалаған оралдықтың басы бәлеге қалды

Оралдық азамат ажыраспақ болған әйелін бопсалаймын деп басы бәлеге қалды. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, ер адам...

Қазақстаннан көлік ұрламақ болған Ресей азаматы ұсталды

Оралда көлікті айдап кетпек болған Ресей азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті қызметкерлеріне 1992 жылы туған Ж. есімді азамат...

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 наурыздағы жағдай бойынша қанша адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынғанын жариялады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Нұр-Сұлтанда 21350, Алматыда 48501, Шымкенте 12027, Ақмола...

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі ДНҚ-ны тапты

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі адамның ДНҚ-сы қазіргі Чехия аумағында 45 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелге тиесілі екенін анықтады. Ол үшін Германиядағы Макс Планк...

437,2 мың көпбалалы отбасы 69 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 69,2 млрд теңге жәрдемақы алды. 2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 69,2...

Ер адам алып қашқан қызын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсаған

Бішкектегі көшелердің бірінен ұрланған 27 жастағы Айзада Қанатбекованың мәйіті табылды. Оны алып қашты деп күдіктелген 31 жастағы ер адам қызды өлтіріп, артынан өзіне қол...

Коронавирус: Тағы екі өңір «сары» аймаққа енді

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. 2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен...

8 сәуір: ел есінде қалған елеулі оқиғалар

8 cәуір егемен ел тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? 1992 жылы Еуропалық Одақ комиссиясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Қаржыландыру туралы меморандумға қол қойылды. 1999 жылы...

Жолға таласқан жүргізушілердің қақтығысы кезінде бір жасар балаға оқ тиді

Чикагода жолды бөлісе алмаған жүргізушілердің қақтығысы кезінде бір жасар сәбидің басына оқ тиді, деп хабарлайды ABC News.  Полиция дерегінше, екі жүргізушінің қақтығысы олардың біреуі екіншісінің...

COVID-19: Ақтауда автобус жолаушыларына қатысты жаңа ереже енгізілді

Ақтауда бетпердесі жоқ жолаушыларды кондукторлар автобустарға кіргізбейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы. Облыстың бас санитар дәрігерінің 6 наурыздағы қаулысына орай,...

Алматыда полицейлер 247 млн теңге көлеміндегі айыппұл туралы деректерді заңсыз өшірген

Алматыда тәртіп сақшыларына қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылып, бірнеше...

Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды

Бразилияда 18 түрлі мутацияны біріктіретін коронавирустың жаңа қауіпті штаммы табылды, деп хабарлайды Globo порталы. Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонти қаласында табылған инфекцияның жаңа түрі коронавирустың бұдан...

Алматы облысында көпбалалы ана 14-перзентін дүниеге әкелді

Алматы облысы Кербұлақ ауданында алтын құрсақты «Батыр ана» Гүлнәз Жеңісбайқызы 14-ші сәбиін дүниеге әкелді. Отбасын осы қуанышымен аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев құттықтады. Бұл отбасыға...

Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті

Алматының Медеу ауданында жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Оқыс оқиға туралы Facebook қолданушысы, қала тұрғыны Виктор Ким хабарлады. Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына...

«Астана» футбол клубы испандық ойыншымен толықты

«Астана» футбол клубы Кадете деген атпен танымал, 26 жасар испандық ойыншы Энрике Лопез Фернандезпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі. Кадете – испандық...

Вице-министр вакцина салдырған соң қайтыс болған перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Алматыда вакцина салдырған соң қайтыс болған №4 перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді. «Егер вакцинаның жанама әсері туралы айтсақ, яғни, аллергиялық әсер болса,...

Әйелінің жемқорлық әрекетін әшкерелеген Талғар тұрғынына сыйақы берілуі мүмкін

Әйелінің заңсыз әрекетке барғанын айтып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған Талғар тұрғынына сыйақы беріле ме? Бұл туралы Антикоррупциялық қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов айтып...