Дәрігер мидың қартаюын тежейтін өнімдерді атады

Дәрігер мидың қартаюын тежейтін өнімдерді атады

Дәрігер мидың қартаюын тежейтін өнімдерді атады
ашық дереккөзі
365
Диетолог Ханна Брей тамақтану арқылы мидың қартаю процесін қалай бәсеңдетуге болатындығын айтты, деп хабарлайды Daily Express. "Біздің миымыздың жұмысы жылдар өте келе нашарлай бастайды, бірақ біз оның күнделікті дұрыс жұмыс істеуіне және қартаю процесін бәсеңдетуге көмектесе аламыз", — дейді Брей. Ең алдымен, диетолог Жерорта теңізі диетасын ұстануға кеңес берді. Бұл тамақтану жоспарына дәрумендерге бай көкөністер мен жемістер, сондай-ақ зәйтүн майы мен балық салаттары кіреді, оларда мидың жұмысына қажетті көптеген пайдалы май қышқылдары бар. Брей сонымен қатар ас мәзіріне антиоксиданттары жоғары тағамдарды қосу маңызды екенін атап өтті. Диетологтың айтуынша, көкөністерді таңдағанда олардың түсіне қарау керек — неғұрлым қошқыл болса, құрамында соғұрлым антиоксиданттары көп болады. Дәрігер қара жүзім мен көкжидек есте сақтау қабілеті мен зеректікті арттыруға көмектесетінін айтты. Таңғы асқа сұлы ботқасын даршын қосып жеген дұрыс дейді маман. Оның айтуынша, дәмдеуіш қандағы қант мөлшерін реттеп, ми жасушаларын зақымдайтын инсулиннің күрт артуына жол бермейді. Ханна Брейдің пікірінше, миға тамақтанудан үзіліс беріп, кешкі және таңертеңгі тамақтану арасында кем дегенде 12 сағаттық үзіліс жасау өте маңызды. Сондай-ақ, ол үнемі спортпен шұғылдану және таза ауада серуендеу танымдық функцияларды жақсартатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары