"Лайк" жинағысы келген: Полиция формасымен би билеген жігіт 8 тәулікке қамалды

"Лайк" жинағысы келген: Полиция формасымен би билеген жігіт 8 тәулікке қамалды

"Лайк" жинағысы келген: Полиция формасымен би билеген жігіт 8 тәулікке қамалды
ашық дереккөзі
301
Өзбекстанда желі жұлдызына айналып, "лайк" жинау үшін полиция қызметкерінің формасын киіп, би билеген 26 жастағы жігіт және оны видеоға түсірген жасөспірім тұтқындалды. Бұл туралы жергілікті басылымдарға сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Ел назарын аудартқысы келген жастар - Сырдария облысы Мирзаабад ауданының тұрғындары. Полиция қызметкерінің формасымен билеген Хасан Дустовтың көлік жуушы болып істейтіні белгілі болған. Оның танысы Диербек жігітті видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан. Екі жігітке "қоғамдық орындарда жүру ережесін және этикалық тәртіп талаптарын" бұзды деген айып тағылды. Сот Хасан Дустовты Әкімшілік кодекстің "Майда бұзақылық", "Министрлік, мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың формасын заңсыз кию" баптары бойынша айыпталып, 8 тәулікке қамау туралы үкім шығарған. Жасөспірімнің ісін кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын комиссия қарайды.

Серіктес жаңалықтары