10 мың теңге талап еткен: Алматылық әйелдің шағымынан кейін екі дәрігер қызметінен қуылды

10 мың теңге талап еткен: Алматылық әйелдің шағымынан кейін екі дәрігер қызметінен қуылды

10 мың теңге талап еткен: Алматылық әйелдің шағымынан кейін екі дәрігер қызметінен қуылды
ашық дереккөзі
261
Алматылық әйел 5-ші қалалық аурухананың тіс дәрігеріне шағымданды.  Egov.press порталында жарияланған шағымға сүйенсек, дәрігер өз қызметі үшін 10 мың теңге талап еткен. Емделуші мұндай ақша төлеуден бас тартқаннан кейін медицина қызметкері жұмысын аяқсыз қалдырған, деп хабарлайды zakon.kz. Шағымда алматылық әйел өзінің 2016 жылғы баласын тісі ауырғандықтан, 5-ші қалалық ауруханаға алып келгенін сөз етеді. Әйелдің айтуынша, іріңді кетіру үшін баласының қызылиегіне тілік жасау керек болған. "Бізді тіс дәрігері, 1993 жылы туған Насиров Маммадали қабылдады. Іріңдеу жағдайы үшінші рет қайталанғандықтан, тілік жасап, төртінші тісті алып тастау туралы шешім қабылданды. Процедураға кіріспестен бұрын тіс дәрігері оған 10 000 теңге төлеуіміз керектігін айтты", - деп жазды әйел. Алайда, тұрғынның айтуынша, ол 10000 теңгені беруден бас тартқаннан кейін дәрігер балаға соңына дейін көмек көрсетіп, тісін жұлып берудің орнына, қызылиегіне тілік жасап жібере салған екен. Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі азаматшаның шағым бойынша жұмыс тобы құрылып, қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады. Тергеу қорытындысы бойынша келесі шаралар қолданылған: Бөлімге жауапты екі адамға сөгіс жарияланып, екі дәрігер қызметінен босатылған. "Мұндай жағдайлардың қайталануының алдын алу мақсатында қабылдау бөлімінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, онда жұмыс тобының тергеу нәтижелері талданды", - деді басқармадан.

Серіктес жаңалықтары