250
Музыкалық театр вакцина салатын орталыққа айналды
Музыкалық театр вакцина салатын орталыққа айналды
Ресейде коронавирусқа қарсы вакциналау қарқыны артты. Ел астанасының өзінде бүгінге дейін 300 мыңнан астам адамға екпе салынған.
Мәскеуде вакцина салатын жылжымалы бригадалар саны көбейді. Мобильді бекеттер сауда және мәдени орталықтарда ұйымдастырылуда. Мәдениет нысандарында екпе салдыру бекетін ашу идеясын алғашқылардың бірі болып Санкт-Петербургтегі Михайлов театры қолдаған. Бастаманы Мәскеудегі "Геликон-опера" музыкалық театры да жалғастырды.
"Біз бұл идеяны осыншама көп адам қолдайды деп ойламаған едік. Біздің вакциналау бекетіміз үлкен емес. Күніне 150-ден 200-ге дейін адамға екпе салынады. Бірақ соған қарамастан кісі көп. Бекет таңертеңгі 10-нан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді. Бұл уақытты әдейі таңдап алдық. Спектакльге келген қонақтарға вакцина салдыру ыңғайлы болу үшін жасалып отыр", - дейді театрдың көркемдік жетекшісінің орынбасары Анна Аксакова.