247
Премьер-министр туған бауырын әкім қызметінен босатты
Премьер-министр туған бауырын әкім қызметінен босатты
Бақытбек Мәріпов Ош облысы Нооқат ауданының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Қырғызстан Министрлер кабинеті аппаратының Ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне сілтеме жасап 24.kg хабарлады.
Бұл премьер-министр Ұлықбек Мәріповтің мүдделер қақтығысын болдырмау үшін қабылдаған алғашқы шешімдерінің бірі екендігі нақтыланды. Айта кетейік, Бақытбек пен Ұлықбек Мәріпов - туған бауырлар.
Қырғызстанның жергілікті өзін-өзі басқару органдары биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі және тікелей премьер-министрге бағынады.