Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
ашық дереккөзі
400
Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді. «Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді. «Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. Кеше Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шыққан болатын. Оған сәйкес, қалада карантин талаптары қайта күшейтілді. Демалыс күндері ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ сенбі-жексенбіде қоғамдық көлік қатынамайды.

Серіктес жаңалықтары