Сауд Арабиясында жаңа қала салынады

Сауд Арабиясында жаңа қала салынады

Сауд Арабиясында жаңа қала салынады
ашық дереккөзі
500
Сауд Арабиясының билігі жасанды интеллект көмегімен көліксіз және көшесіз қала салуды жоспарлап отыр. Елдің футуристік іскерлік орталығында The Line қаласы пайда болады. Жоба құрылысының басталғаны туралы мұрагер ханзада Мұхаммед бин Салман мәлімдеді. Қала Қызыл теңіз жағалауынан бастау алып Сауд Арабиясының ішіне қарай созылады, оның ұзындығы 170 шақырымды құрайды. The Line үш деңгейден тұрады. Алғашқы екеуі – жылдамдығы өте жоғары қоғамдық көліктер мен жүк автомобильдеріне арналған жерасты жолдары, ал үстіңгі деңгей жаяу жүргіншілерге арналған. The Line қаласы тұрғындарына қажетті барлық жағдайлар тұрғын үйлерден жаяу 5 минуттық жерде орналасады. Ал бір ауданнан келесі ауданға баруға 20 минут уақыт кетеді. Билік инновациялық қаладағы барлық процестерді жасанды интеллект технологиясы көмегімен басқаратын болады.

Серіктес жаңалықтары