Үш жасар бала коронавирус салдарынан инсульт алған

Үш жасар бала коронавирус салдарынан инсульт алған

Үш жасар бала коронавирус салдарынан инсульт алған
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Миссури штатында тұратын үш жасар бала коронавирус салдарынан инсульт алған. Бұл туралы Independent басылымы хабарлайды. Сара Пэррис үш жасар ұлы Колттың соңғы аптада тамақ ішуге зауқы жоқ екенін байқап, коронавирусқа тексерту үшін жергілікті клиникаға алып барған. Тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Десек те дәрігерлер баланы ауруханаға апарып, толығымен тексерту керек екенін айтқан. Колтты тексерген Миссури университетінің жанындағы әйелдер және балалар ауруханасының дәрігерлері балада антидене қалыптасқанын анықтаған. Алайда көп ұзамай баланың оң қолы мен аяғы ұйып, тіпті күмілжіп, сөйлей алмайтын халге жеткен. Сара үш жасар ұлының вирусты қай жерден жұқтыруы мүмкін екенін білмей әлек, оның айтуынша олар еш жерге шықпай, үйде отырған. Белгілі болғандай, баланың бас миынан тромбоз анықталған. Балаға ота жасаған дәрігер көп жағдайда коронавирусқа шалдыққандардың денесінде қан ұйып, тромбоз пайда болуы ықтимал екенін айтады.  width=