Ассамблея – татулықтың темірқазығы

Ассамблея – татулықтың темірқазығы

Ассамблея – татулықтың темірқазығы
ашық дереккөзі
306
Өзіміз үлгі тұтқан өркениетті әлемде сайлау – маңызды да жауапкершілігі зор шара болып табылады. Әсіресе мемлекет үшін қызметке маңызды тұлғаларды таңдағанда әлеумет онымен өзінің һәм ұрпағының тағдырын, елінің қауіпсіз әрі жарқын болашағын байланыстырады. Сол себепті, осы жоғары мансап үшін бәсеке жарысқа ең мықты деген, парасаты мол, халықтың сеніміне лайық тұлғалар түседі. Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қатарындағы әрбір үміткерді мұқият зерттеп, кандидаттардан өзін мазалаған сұрақтарына тұщымды жауап ала алатынымызға көз жеткізуге болады. Өйткені, қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рөлге ие бірден-бір ұйым.

Гулизар Надирова,

Күрді этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары

Серіктес жаңалықтары