Ауылдағы ағайынға барынша қолдау жасалады

Ауылдағы ағайынға барынша қолдау жасалады

Ауылдағы ағайынға барынша қолдау жасалады
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Талас ауданының Көктал елді мекенінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Докторбек Маселбеков пен Айтолқын Абдибекова «Есіктен – есікке» акциясы аясында тұрғындармен жүздесті.
Кездесу барысында кандидаттар сайлаушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырды. – Партия ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Өңірде инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларынан барынша нәтиже шығару, қазіргі заманғы технологияларды енгізу, «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» және «алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобаларын іске асыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға кеңейтуге, мал басының 110 мыңға және құстың 102 мың басқа өсуі есебінен өнім шығаруды ұлғайтуға, өндірілетін сүтті қайта өңдеуді 85 пайызға дейін, етті 60 пайызға дейін ұлғайтуға, 2,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде ауылдық өндірістік кооперативтерді ұйымдастыру арқылы тартуға, жыл сайынғы жәрмеңкелерді ұйымдастыруға, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізуге, әлеуметтік павильондарды ұлғайтуға жағдай жасайды. Ауылда ШОБ дамыту үшін жағдай жасау есебінен 385-тен астам жаңа жұмыс орны құрылып, кәсіпкерлердің саны 225 бірлікке және өндіріс көлемі 807,2 млн теңгеге артады. Нәтижесінде, ауыл округтарында 1 аулаға кіріс 2020 жылы 104 мың теңгеден 2025 жылы 209,1 мың теңгеге, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 33,9%-ға артады, – деді кандидаттар. Кездесу соңында партияның 2025 жылға дейінгі мақсат-міндеттері сөз болып, сайлауалды бағдарламаның мән-маңызы түсіндірілді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.