Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
416
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушыларының неліктен ғылыммен айналысқысы келмейтінін айтты. Сергей Пеннің айтуынша, басты себеп – ғалымдардың жалақысының төмендігі. Бакалавриат, магистратура, докторантура түлектері ғылыммен айналысқысы келсе де оған экономикалық жағдайлар кедергі келтіреді. «Қазір дарынды жастарды академиялық жолға шақыру қиын. Елімізде ғылымға 82 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Соған қарамастан Ғылым комитетіне қарасты ғылыми ұйымдардың орташа жалақысы 136 мың теңгені құрайды. Мұндай жалақы кімге керек? Доллармен есептесек, бұл жалақы тіпті 10 жыл бұрын да аз болған. Еліміздегі тікелей қаржыландыру жүйесін ғалымдардың еңбекақысын жоғары жалақы төленетін мемлекеттік қызметшілердің санатымен теңестіретін немістердің моделіне көшуді ұсынамын», – деді Сергей Пен ADAL BILIM алаңындағы тікелей эфирде.  width= Талқылау барысында жас ғалым Мақсат Жабағин да отандық ғылым саласын гранттық қаржыландыру тұжырымдамасын қайта қарау қажеттігін атап өтті.  Ғылым саласындағы өзекті мәселелерді шешудің жолдарын ұсынып, ғалымдарды тікелей қаржыландырудың өзге жолын ұсынды. «Біздегі гранттық қаржыландыру жүйесінде үнемі ғалымның өзі емес, ғылыми идеясы бірінші орында тұрады. Сондықтан болашақта бұл тұжырымдаманы қайта қарастырып, алдыңғы орынға ғалымдарды қою қажет. PhD дәрежесін қорғағандардың бәрінің ғылыми зерттеулеріне конкурссыз-ақ алғашқы гранттарын беру керек. Кейін ол кәсіби тұрғыда дамиды және біліктілігі артқан сайын оған келесі гранттар беріледі. Егер ол қандай да бір позициялық кезеңде тиісті талаптарға сай келмей қалса, гранттық қаржыландыру бойынша бәсекелестік ортаға түседі. Бұл – ғалымдарды тікелей қаржыландыру жүйесінің баламасы», – деді «Ұлттық биотехнология орталығының» Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабағин.

Серіктес жаңалықтары