284
Хабиб Нұрмагомедов құрамында қазақстандық чемпион күресетін промоушнды сатып алды
Хабиб Нұрмагомедов құрамында қазақстандық чемпион күресетін промоушнды сатып алды
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Gorilla Fighting Championship (GFC) промоушнын сатып алды. Бұл туралы ресейлік журналист әрі менеджер Азамат Бостанов айтты. Ал аталған промоушнда Қазақстаннан орта салмақтағы GFC чемпионы Дәурен Ермеков төбелеседі.
Дереккөзінің хабарлауынша, Хабиб промоушнды миллион долларға сатып алған. Хабиб енді Gorilla Fighting Championship (GFC) атын Eagle Fighting Championship (EFC, Eagle – ағылшын тілінен аударғанда «Бүркіт» – Нұрмагомедовтің лақап аты) деп ауыстырмақ. Промоушн турнилері Ресейде және ТМД елдерінде ғана емес, Араб елдерінде, сондай-ақ АҚШ-та өткізіледі деп күтілуде.
«Хабибтің басқаруы промоушннның танылуына, оның дамуына мүмкіндік береді. Ал ресейлік спортшылар үшін бұл әлемнің мықты лигаларының құрамына шығуға трамплин болмақ. Хабиб бұрынырақ БАӘ-де үлкен жаттығу залын ашатынын айтқан болатын. Жаттығу залы мен танымал промоушнды сатып алуының арасында бір байланыс бар»,– дейді Vesti.kz басылымы.
GFC промоушнды Хабибтің сатып алғаны туралы ресми түрде 2 желтоқсанда чемпионның қатысуымен өтетін баспасөз конференциясында белгілі болмақ.
Мәскеуде 4 желтоқсанда GFC 30-дың мерейтойлы турнирі өтеді. Оған үш қазақстандық – Жасұлан Әкімжан, Азамат Марқабаев және Санжар Әділов қатысады.