5205
Қазгидромет ескертеді: еліміздің 11 өңірінде ауа райы бұзылады
Қазгидромет ескертеді: еліміздің 11 өңірінде ауа райы бұзылады
«Қазгидромет» РМК 27 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Атап айтқанда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының кей жерінде, сондай-ақ тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 15-20 м/с артады. Шымкент қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.
Ақмола облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады.
Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады.
27-29 қарашада Жамбыл облысының кей жерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. 28 қарашада кей жерде жаяу бұрқасын болжанады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, 28 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді.